Жарияланған күні: 04.08.2017 12:59
Өзгертілген күні: 04.08.2017 13:02
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кейінгі кездері бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда қаржы пирамидалары туралы жиі жазылып жатқандарына азаматтардың назарларын аударады.

Қазақстан аумағындағы қаржы пирамидалары (соның ішінде шетелдіктер) қазақстандықтардың қаражаттарын «ақшаларыңды салып көп пайда табыңдар» деп жар салып, алдау арқылы пайдаланып кетуде. Бұл компаниялардың бәрі заңсыз. Бұған дейінгі компаниялар халықтың миллиардтаған қаражаттарын «қалталарына басып», жабылып қалып жатыр. Біздің отандастар осындай алдаулардың құрбаны болып, банкіден несиелер алып, алтындарын, бағалы заттарын ломбардқа салып, немесе автокөлігін, үйлерін сатып, ақшаларын осы қаржы пирамидаларына салып пайда табамын деп, пайдасы түгіл салған ақшасынан айрылып, «көк тиынсыз» қалып жатыр.
Әсіресе бір алданған адамның қайтадан тағы алданғанын түсіну қиын.

Бұндай азаматтарды, осындай фирмалар жұмысы жүрмей қалған кезде, «сенің салған ақшаңды қайтара алмаймыз, тағы да сондай көлемде ақша салсаң екі есе қайтарамыз» ден сендіріп қайтадан қолға түсіреді.

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тұрғындарды қысқа мерзімде үстеме пайда ететін күмәнді компанияларға инвестициялаудан  бас тартуды және сақ болуларын сұрайды.    

"Қаржы пирамидаларының" қызметі туралы ақпарат болған жағдайда, 8 (7132) 21-35-89, 21-08-89 телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз.  

 
 
Ақтөбе облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті