Жарияланған күні: 19.04.2017 18:39
Өзгертілген күні: 19.04.2017 18:40

Ақтөбе облысы бойынша МКД-ң ЭТҚ-нде жалған ақша купюраларын сатушы және дайындаушы топқа қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Сонымен,істі тергеу барысында сотқа дейінгі тергеу кезеңінде, бұрын  сотталған,2004 жылдың 21 қыркүйегінде Ақтөбе облысы үкімімен ҚР ҚК –нің 179 бабының 2 бөлімі «а,б,в,г» тармағы,24 бабының 3 бөлімі,96 бабының 2 бөлімі «а,з»  тармағы,96 бабының 2 бөлімі «з» тармағы,58 бабының 4 бөлімі бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылып,қатаң режимді колонияда жазасын өтеп , тиісті қорытынды шығармаған «Б» азамат түзелмей қайтадан ауыр қылмысқа барды,ол копфункиялы лазерлі типті «Samsung» құрылғысы арқылы көшірме жасап,  жарықтандырылған түрлі-түсті картридждер арқылы құны 5000 теңге банкноталарын түрлі серия және номерлерін қолдан жасап, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылыққа барғаны анықталды.

Дайындалған жалған купюраларды өткізу мақсатында «Б» азамат ,бұрын сотталған «Ф» азаматты, «И» және «Л» азаматшаларды,сонымен қатар кәмелет жасқа толмаған «К» азаматты тартқан,ол 2016 жылы 11 сәуірде «К» азаматқа сомасы 150 000 теңге болатын 30 дана жалған банкноталарды  «IPhone 6» ұялы телефонына төлем ретінде пайдаланған.

2016 жылдың қыркүйек айында кәмелет жасқа толмаған «К» азамат «Б» азаматтың бұйрығы бойынша әрекет ете отырып Алға қаласының тұрғындарын жалған банкноталарды өткізу үшін тартқан,олар Ақтөбе қ. және Орал қ. өңірлерінде бірнеше рет Ұлттық банкінің 5000 теңге купюраларының жалған банкнотасын өткізіп және откізу мақсатында сақтаған.

Бұрын ауыр қылмысы үшін сотталған және ҚІБ бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған,жазасының өтелмеген бөлімімен күдікті Б азаматқа қатысты бұлтатрпау шарасы уйде қамау түрінде қолданылған.

Сотқа дейінгі тергеу іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде,откізілген амалдар нәтижесінде іс сотқа жіберілетін болады.