Жарияланған күні: 19.04.2017 18:34
Өзгертілген күні: 19.04.2017 18:35

Ақтөбе облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінде ҚР ҚК –нің 233-бабы 2 бөлігі бойынша,ҚР ҚК-нің 425- бабы 1 бөлігі  бойынша «Омирбек» ЖШС-ң басшысы Жиеналиев С.Р.-қа қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі тергелуде.

         Сонымен,Жиеналиев С.Р. «Омирбек» ЖШС-ң бас директоры болып,2015жылдың желтоқсан және 2017 жылдың наурыз айлары аралығында бірнеше рет өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ресми түрде 2013 жылы 26-шы желтоқсанда Ақтөбе облысы бойынша арнайы ауданаралық экономикалық сот шешімімен алкоголь өнімін өндіру және өткізу жұмыстары тоқтатылғанына қарамастан ,аталған  ЖШС-ң алкоголь өнімдерін шығаратын өндірістің қуатын алкоголь өнімдерін шығаруға пайдаланған,сонымен қатар, жалған есепке алу-бақылау таңбаларын және «АC-Б» ЖШС өніміндегі «STOLICHNAYA»  арақ өнімі заттаңбаларын алып,әрі қарай қолдану және жүзеге асыру мақсатында қылмыстық әрекеттер жасаған.

Жиеналиев С. өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанына қарамастан, қылмыстық әрекеттерін жалғастыра отырып, озінің қылмыстық ниетін белсенді жүзеге асырып,қылмыстық жоспарын жүзеге асыру мақсатында,тікелей қылмыстық оймен пайдакүнемдікті көздеп,заңсыз материалдық баю мақсатында ,өз ісінің заңға қайшы келетінін түсіне отырып  және соның салдарынан қоғамға зардап әкелуін қалап, алкоголь өнімдерін өндіру және іске асыру үшін ұқсас қылмыстық істер жасаған.

Осылайша,атап айтқанда 15.12.2015ж.,08.04.2016ж.,24.05.2016ж.,04.11.2016ж. аралықтарында Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары өткізу кезінде «Омирбек» ЖШС аумағында шығарылған алкогольдік өнімдерімен маркасы «КАМАЗ»  автокөліктері ұсталған.

Сонымен қатар,2016 жылы 1-ші маусымда Ақтөбе қаласы Ішкі істер басқармасының Елек полиция бөлімі қызметкерлері маркасы «КАМАЗ» автокөлігін ұстаған болатын,автокөлікті тінту барысында «Пищепром» ЖШС өндірісінде өндірілетін жалған заттаңбамен  жапсырылған «MOSKOVSKAYA» алкогольдік өнімдері табылған, бөтелке саны (0,5 литр  мөлшердегі арақ) 18 586 дана, өндірушісі қайтадан Жиеналиев С. болды.

Оның үстіне, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу барысында Омирбек ЖШС басшысы Жиеналиев С.Р қасақана,мүліктік пайда алу мақсатында бірнеше рет кәсіпкерлік қызмет ақтарып,акцизделетін тауарларды,оның ішінде алкогольдік өнімдерді көптеген мөлшерде лицензиясыз шығарып,сақтап,тасымалдап және сатқан ,яғни заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны белгілі болды.

2017 жылы 16 наурызда көрсетілген факт ҚР ҚК-нің 214 бабының 1 бөлімі бойынша СДТБТ-не тіркелді.  Жиеналиевке қатысты қылмыстық іс 8 эпизод бойынша сотқа жіберілді.

Тергеу жүргізілуде.