Жарияланған күні: 23.05.2018 17:39
Өзгертілген күні: 23.05.2018 17:42

2018 жылғы 23 мамырда Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметті алаңында Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2018 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің қорытындысы бойынша  брифинг өткізілді.

Брифингте салықтық және кедендік әкімшілендіру, сондай-ақ экономикалық тергеу қызметі жұмысының қорытындысы қаралды.

Мемлекеттік кірістер органының негізгі міндеттерінің бірі – бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру болып табылады.

Ағымдағы жылы 1 тоқсанда мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік кірістер    органдары мемлекеттік бюджетке 123,5 млрд. тенге шамасына кірісті қамтамасыз еткен, болжам-жоспар 145,8% орындалды.  Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда кіріс өсімі 22,7% немесе 22,9 млрд. теңге құраған. Оның ішінде  республикалық бюджет бойынша жоспар 107, 3%, жергілікті бюджет 139,3% орындалған.

Қазірде еліміздің сапалы экономикалық өсуі және инвестициялық тартымдылығы үшін салықтық және кедендік саясат оңтайландырылды.

     Жеткізуші мен сатып алушының өзара есептесуін оңайлату және ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі енгізілді. Тексерулер барынша азайтылды – салықтық тексерулер саны азайды. Бизнеске қолайлы жағдай жасау және салық төлеушілермен контактіні азайту мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтері негізінен, немесе жалпы санынан 92,3 %  электронды түрде жүргізіледі.  

      Электронды декларациялауды дамыту мақсатында 2018 жылғы 1 сәуірден бастап  барлық кедендік рәсімдер бойынша «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі енгізілді, ол алдын ала ақпаратты ұсынған сәттен бастап тауарды шығарғаннан кейін де кедендік процесті бақылауды толығымен автоматтандырып жүзеге асыруды мүмкін етеді.   Сонымен, аталған ақпараттық жүйе кедендік рәсімдердің тиімділігін арттырумен қатар сыртқы экономикалық қызметке қатысушы мен кеден органы арасында тікелей контактіні барынша азайту жолымен сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал етеді. 

2018 жылғы  21 мамырдан 30 қаңтарға дейін «Чек талап етіп – жүлде ұтып ал!» «Требуй чек – выиграй приз!» жыл сайынғы акция басталды, акция барысында түрлі жүлделер беріледі, ең бастысы  – автомобиль.

2018 тжылғы 1 қаңтардан бастап интернет-дүкендер (алаңдар) арқылы өз қызметін жүзеге асырушы кәсіпкерлерге заңды тұлғалар үшін корпоративтік табыс салығынан ал жеке кәсіпкерлер үшін 100 процент жеке табыс салығынан босату түріндегі салықтық жеңілдіктер берілген.  

 

 

Ақтөбе облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті