Жарияланған күні: 20.12.2017 10:56
Өзгертілген күні: 20.12.2017 10:58

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 2017 жылдың 15 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Мерекелік  шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды.

 

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Паяев А.М. барлық қызметкерлерді, аудандық басқармалар мен кірістер басқармасының зейнеткерлерін Тәуелсіздік күнімен құттықтап мерейтойлық медальдармен, грамотамен марапаттады.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.