Жарияланған күні: 27.01.2021 18:35
Өзгертілген күні: 09.02.2021 10:20

Құрметті ҚР ҚМ МКК АЖ пайдаланушылары!

 

ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелері мен сыртқы ақпараттық жүйелер арасында хабарламалармен алмасуды қамтамасыз ететін көлік жүйесінің жұмысында келесі АЖ арасында хабарламаларды жеткізу проблемалары байқалатынын сіздердің назарларыңызға жеткізеді:

-ЭҮП-нан ЦУЛС АЖ (салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме беру, салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру);

-ЗТ МДҚ-мен БСАЖ АЖ (ЗТ-ны жою үшін берешектің бар-жоғы туралы мәліметтерді алу сервисі бойынша иә/жоқ);

-ЖТ МДҚ-мен БСАЖ АЖ (жеке тұлғалардың деректерін өзектендіру (ЖСН);

Қазіргі уақытта техникалық ақауларды жою бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Көлік жүйесінің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру туралы қосымша хабарланатын болады.

 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!