Жарияланған күні: 13.04.2018 11:22
Өзгертілген күні: 13.04.2018 11:23

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасы», Ақтөбе облыстық "ФРП "Даму" АҚ, және "ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен" бірлесе отырып, Ақтөбе қаласындағы «Аида» сауда орталығының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

         Кездесу барысында жаңадан қабылданған жаңа салық заңнамалары және басқа да құқықтық актілер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Онымен қоса «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің, оның ішінде  «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» турасында түсініктер берілді.

Электрондық сауда жөнінде, пос-терминалды және сақтау,беру функиясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану тәртіптері, жауапкершіліктері бойыншада аз-кез айтылып өтілді.