Жарияланған күні: 12.01.2021 20:13
Өзгертілген күні: 12.01.2021 20:17

Құрметті пайданушылар!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – МКК) келесіні хабарлайды.
2021 жылғы 12 қаңтарда сағат 20.00-ден 22.30-ға дейін аралығында «Орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттар» МКК ақпараттық жүйесі бойынша техникалық жұмыстар өткізіледі.

Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген кезеңде (жеке шоттың көшірмесі, берешектің жоқ (бар) екендігi туралы мәлімет, дербес шотты қарау, артық (қате) төленген сомаларды есепке алуды және қайтаруды жүргізу), сервистер қолжеткіліксіз болады.

Келтірілген қолайсыздыққа кешірім сұраймыз.