Жарияланған күні: 18.09.2019 13:01
Өзгертілген күні: 18.09.2019 13:03

Ақтөбе  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, тұрғындардың назарына, 2018жылдың салықтық кезеңі үшін жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1 қазанында аяқталатының мәлім етеді!

Осы салықтарды есептуге негіз болып құндық бағасы, жер учаскесінің көлемі,  салық салу объектісінің иесі және басқа да мағлұматтар көрсетілетін жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша мәліметтер табылады. Бұл мәліметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Ақтөбе  облысы бойынша филиалымен табыс етіледі.

ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің нормаларына сәйкес, салықты төлеуден босауға құқығы бар азаматтар санаты көрсетілген, оларға жеңілдік салық салу объектісінің құндық бағасына және жер учаскесінің түріне байланысты беріледі.

Жеке тұратын зейнеткерлерге жеңілдікке құқық беру үшін негіз болып ХҚО мекен-жай анықтамасы, басқа тұлғалар бойынша – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалынан (әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы) мәліметтер табылады.  Жыл ағымында жеңілдік пайда болған кезде салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жолығуы қажет, ал жеңілдікке құқық осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап қолданылады. Мерзімінде төленбеген салық сомасына өсімпұл есептеуді болдырмау үшін оларды уақтылы төлеуді ұмытпаңыз! Комиссиялық сыйақыны төлемей "Қазпошта"АҚ бөлімшелерінде салықтарды төлеуге болады. Салықтарды барлық екінші деңгейдегі банктерде, банкоматтар, мобилдік қосымшалар, электронды әмияндар (Каспи, Киви және т.б.) арқылы төлеуге болады. Салықтарды дұрыс есептеу үшін түбіртектердегі ЖСН дұрыс жазылуына назар аудару қажет.

Мүлік салығын, жер салығын төлеу және есептеу бойынша туындаған барлық мәселелер бойынша салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша аудандық (қалалық) Мемлекеттік кірістер басқармаларына хабарласыңыз.