Жарияланған күні: 12.12.2017 12:23
Өзгертілген күні: 12.12.2017 12:31

2017 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы4 қыркүйектегі № 533 бұйрығы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 6 қазанында № 15862 болып тіркелген болатын.

Заңымен Бюджеттік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, соның ішіндеБюджеттік кодексінің 8-тарауы52-1-бабымен толықтырылды, бюджетке түсетін түсімдерді аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері арасында бөлу, соның ішінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер:

- аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығы;

- мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

- жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

- аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеттерге түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында8 салық есептілігі нысандарына «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округтiң әкім аппаратының БСН» жаңа жолы қосылды.

Осыған орай, 2018 жылдың 1 қаңтардан бастапсалық есептілігін табыс ету бойынша міндеттемелерге қолданылатын 220.00, 230.00, 240.00, 700.00, 701.00, 701.01, 910.00, 911.00 салық есептіліктерінің нысандарына және жасау қағидаларына, сондай-ақ 200.00 нысанын жасау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

 

Ақтөбе облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті