Жарияланған күні: 21.02.2017 16:23
Өзгертілген күні: 21.02.2017 16:46

200.00 және 210.00 нысандары 2017 жылғы 1 шілдеден қолданысқа енетін бір ортақ ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларациясына(СЕН 200.00) нысанына біріктірілді

           Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жұмыста басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 26-VІ заңымен Салық кодексінің 67, 162 және 364 баптарына 2017 жылғы 1 қаңтардан күшіне енетін өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Сонымен қатар, «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 579 бұйрығыменҚазақстан Республикасының азаматтары бойыншажеке табыс салығы (ЖТС)және әлеуметтік салық бойынша декларациясы ЖТСжәне әлеуметтік салық бойынша декларациясынаөзгертіліп шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу бойынша ақпарат қөрсетілетін қосымшасымен толықтырылды, яғни 200.00 және 210.00 нысандары 2017 жылғы 1 шілдеден қолданысқа енетін бір ортақ ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларациясына(СЕН 200.00) нысанына біріктірілді.

Бұл ретте, кәзіргі уақытта «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығының(әрі қарай – Бұйрық) біріктірілген СЕН 200.00  және оны толтыру ережелерін қолданысқа ену мерзімі бөлімінеөзгертулеренгізу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының  «Құқықтық актілер туралы» заңының 11 бабының 3 тармағына сәйкес егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады.

Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер қолданылады

Жоғарыда жазылғанга сәйкес, Бұйрыққа енгізілетін өзгерістердің күшіне енгенге дейін, салық агенттерінің Қазақстан азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша салық есептілігін ұсыну міндетерін орындау мақсатындаБұйрықпен бекітілген 200.00 және 210.00 нысандарын тапсыруы, Салық кодексінің 584-бабына сәйкес салық агенттерінің міндетерінің орындалуы деп саналады.

Бұйрыққа енгізілетін өзгерістердің күшіне енгеннен кейін салықтық міндеттемені орындағанда, біріктірілген СЕН 200.00 тек қана салық есептілігін ұсынбаған салық төлеушілермен тапсырылады, аталған міндеттеме салық есептілігін 200.00 және 210.00 нысандарында тапсырып қойған салық агенттеріне таратылмайды.