Жарияланған күні: 26.10.2017 11:35
Өзгертілген күні: 26.10.2017 11:36

Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігімін бірге жоба енгізді, оның шеңберінде 1414 бірыңғай контакт-орталық  базасында кеңестер тек қана мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша емес, сондай-ақ «Жеке тұлғалардың кірістерін және мүлігін жалпыға бірдей декларациялау», «Электрондық шот-фактураларды қолдану туралы», «ДСҰ төмендетілген баж ставкасы қолданылатын Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін Тізімдегі тауарлардың өткізу тәртібі» сияқты ең өзекті мәселелер бойынша беріледі.