Date of publication: 02.04.2019 15:53
Date of changing: 02.04.2019 16:13

Ақтөбе, облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды: Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (одан әрі – Салық кодексі) 93 бабына сәйкес,  мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде:

салықтық есептілікті ұсынбаған;

экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;

егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының 12 еселенген ең төмен мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;

қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:

қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалган тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;

жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік қүқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;

әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ:

  • резидент- заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері;
  • бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері;
  • қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар;
  • дара кәсіпкерлер жатады.

 

Осыған орай салық органдарының мәжбүрлі түрде таратуға жататын салық төлеушілер туралы  құрған тізімін Ақтөбе облысының мемлекеттік кірістер департаментінің web-порталының   (akb.kgd.gov.kz)  жүйесінен келесідей тәртіппен - «Департамент туралы»-«Мемлекеттік қызмет көрсету» - «Мәжбүрлі түрде таратуға жататын салық төлеушілер тізімі» салықтөлеушінің тіркелу бойынша салық органынынан белгіленгенін көре аласыз.

Кредиторлар және (немесе) мәжбүрлі түрде тарату кезінде  құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалар календарлық жылдың 1 маусымына дейін  өтініштерімен (наразылықтарымен) келесі мекенжайлар бойынша хабарласуына болады:

1    Мартук ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы      Актөбе облысы, Мартук ауданы , Мартук  ауылы, Мазкова  көшесі, 6-уй 

2    Мугалжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Ақтөбе облысы, Мугалжар ауданы, Кандыагаш қаласы, Жамбыл көшесі, 68 А үй

3    Ойыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы         Ақтөбе облысы Ойыл ауданы , Ойыл ауылы, Кокжар көшесі,  47-үй

4    Шалкар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы , Шалқар қаласы , Есет Көтібарұлы көшесі ,  70-үй

5    Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы       Ақтөбе облысы ,  Актобе қаласы, Маресьев , көшесі 97-үй, каб 2, каб 10