Date of publication: 28.04.2015 12:08
Date of changing: 27.02.2017 12:38
    Мүліктік табысқа қатысты

 

          Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаманті 01.01.2017 жылдан бастап мүліктік табысқа салық салу бойынша сұрақтардың туындауына байланысты мынаны хабарлайды.

2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен Салық кодексінің «Жеке табыс салығы»  6 бөлімінің құрылымы өзгерген.

Осылайша, жеке тұлғаның табысына нақты алынған табыс қосылады, соның ішінде өткізу кезіндегі құн өсімі. Бұл ретте, табысты салық салудан босату жағдайлары Салық кодексінің 156 бабында көзделген.

Осыған орай, жеке тұлға Салық кодексінің 156 бабымен ұштастырылған мүлік табысына салық салу тәртібі бойынша нормаларын қолдануы тиіс.

Салық кодексінің 180-1 және 180-2 бабының 1 тармағының 1), 2), 7) тармақшаларына енгізілген өзгертулерге сәйкес, 01.01.2017 жылдан бастап  «меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт» сөздері алып тасталынған.

Бұл ретте, Салық кодексінің 156 бабының 1 тармағының 51), 52), 53) тармақшаларына сәйкес жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері алып тасталады (бұдан әрі – жеке табыс салығы бойынша түзету):

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркелуге жататын және меншік құқығында бір жыл және оданда ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

меншік құқығы тіркелген күннен бастапбір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі.

Жазылғандар негізінде, Салық кодексінің 180-1 бабының 1 тармағының 1), 2), 7) тармақшаларында көрсетілген өткізу кезіндегі құн өсімінен табыс, берілген мүлік меншік құқығында бір жыл және одан да ұзақ уақыт болған жағдайда салық салудан босатылады. Бұл ретте, мұндай табыстың соммасы соның ішінде салық салудан босатылатын, 2017 жылғы міндеттемелері бойынша кірістері мен мүлкі туралы декларациясында көрсетілуі тиіс.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 156-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, мыналардың:
       Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлген адамдардың;
       Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен
марапатталған адамдардың;
      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдардың;
        I, II, III топтардағы мүгедектердiң;
        мүгедек баланың;
        «мүгедек бала» деген санаттағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін - мұндай адамның ата-анасының бірінің, қорғаншысының, қамқоршысының;
    «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына - мұндай адамның ата-анасының бірінің, қорғаншысының, қамқоршысының;
     асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының біреуінің республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде (бұдан әрі – 55 ЕТЖ) бiр жылдағы табыстары жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан алып тасталады.
     Аталған тармақшаның ережелері қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық білім беру ұйымдары, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынасында болуына байланысты қолданылмайды.
     Салық кодексінің 156-бабының 2-тармағына сәйкес, аталған баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген табыстарды салық салудан босату мұндай босатуды қолдану үшін негіздер болатын салық кезеңдері үшін беріледі.
      Салық төлеуші (салық агенті) табыс төлеу күнінен бұрын түзету қолдану үшін негіз туындаған күні растау құжаттарын табыс еткен жағдайда, аталған баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген түзетулерді мұндай түзетулерді қолдану үшін негіз болатын салық кезеңіндегі табысқа қолдануға құқылы.
     Бұл ретте, Салық кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі бес жылды құрайды. Талап қою мерзімінің өтуі, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады. 
     Салық кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген табыстар:
жеке тұлғаның осы бапта белгіленген шектерде осындай түзетудің мөлшерін көрсете отырып, салық салынуға жататын табыстарға түзетулерді қолдануға берген өтінішінің;
       растайтын құжаттар көшiрмелерiнiң негiзiнде салық салуға жататын табыстардан алып тасталады.
     Салық кодексінің 70-бабының 1-тармағының 1-абзацына сәйкес, салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін жасау жолымен жүргізеді. 
    Салық кодексінің 70-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, қосымша салық есептілігінде бұрын табыс етілген салық есептілігінің сомасы өзгертілген кезде салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігі мен іс жүзіндегі салық міндеттемесінде көрсетілген сома арасындағы айырма көрсетіледі.
      Жоғарыда көрсетілгендер негізінде, егер 156-баптың 1-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген жеке тұлға жеке табыс салығымен (бұдан әрі - ЖТС) салықтандыруға жататын табысына жылына 55 ЕТЖ шегінде түзетуді қолдануға негізі бола тұра, жеке тұлға қызметкердің табысының пайда болған күнінен кеш өтініш бергендігінен мұндай түзету жұмыс берушімен қолданылмаған болса, онда жеке тұлға растайтын құжаттардың көшірмесін жалғай отырып ЖТС-мен салықтандырудан босату туралы өтінішін ұсына отырып, осындай табыстардын ЖТС ұстаған жұмыс берішуге өтінуіне құқығы бар, ал жұмыс беруші Салық кодексінің 46-бабының 2-тармағымен анықталған талап ету мерзімі шегінде  ЖТС-мен салықтандыруға жататын табысқа түзетуді қолданады. Бұл ретте, жұмыс берушімен осындай түзетуді қолдануға байланысты ЖТС-н ұстап қалу бойынша салық агентінің салық міндеттемесін азайтуға Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық декларациясының (200.00 нысан) «қосымша» түрі табыс етіледі.