Date of publication: 01.06.2015 16:17
Date of changing: 15.01.2019 17:53

Халықаралық топқа қатысу туралы өтініш беру

 

  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрімен 2018 жылдың 14 ақпанында №178 Бұйрығымен Қосымша 1 сәйкесшет елдік есеп беру нысаны бекітілген, шетаралық есеп беру ережелері қосымша 2, сондай-ақ халықаралық топқа қатысуға өтінім қосымша 3 сәйкес, халықаралық топқа қатысуға өтінімді толтыру ережелері қосымша 4 бұйрығына сәйкес.

Бұл бұйрық, сонымен қатар толтыру ережелерімен өтінімді толтыру арнайы ҚР ҚМ МКК kgd.gov.kz.сайтында орналастырылған.

        Халықаралық топқа қатысу туралы өтініш 2019 жылдың 01 қаңтарынан кешіктірмей халықаралық топ мүшесіне қатысу қамтамасыз етіледі.,келесі есепті қаржы жылына, егер мұндай қатысушы трансферттік баға белгілеу туралы және ел ішіндегі есеп беру туралы хабарлауға міндетті болса.

       Халықаралық топқа қатысу өтінішін толтыру ережесі (келесі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 05 шілдесіндегі  «Трансферттік баға» заңының 5-1 бабына сәйкес қалыптасқан.

       Келесі, шет елдік есеп беру (келесі- есеп) есепті қаржы жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мемлекеттік кірістер комитетіне халықаралық топтың бас компаниясы табыстайды, Қазақстан Республикасы резиденті болып келетін немесе халықаралық топтың  уәкілетті мүшесі (халықаралық ұйымның бас компаниясын тиісті органның халықаралық топ мүшесіне беру жағдайында жүзеге асырады), 12 айдан кешіктірмей, келесі есепті қаржы жылынан кейін.

       Шет елдік есеп беру толтыру ережесі (келесі-Ереже) 2008 жылдың 05 шілдесіндегі   «Трансферттік баға» заңының 7 бабы 3 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Заңымен қалыптасқан.

       Осыған орай, Мемлекеттік кірістер департаменті, халықаралық топқа қатысуға өтінім беру міндеттемесі болған жағдайда, мұндай өтініш ҚР ҚМ МКК  заңда белгіленген тәртіппен уақытылы табысталатынын хабарлайды.

Өтініш салық төлеушінің кеңсесі арқылы жіберілуі мүмкін.

 

 

 

                                                                                Ақтөбе облысы бойынша

                                                              Мемлекеттік кірістер департаменті.

 

 

Бейрезиденттерге салық салу бойынша қолданысқа енгізілген

жаңа салық кодексінің өзгерістері.

 

   218-бап. Қазақстан Республикасының резиденттігін растау тәртібі

 

Жаңа салық кодексі бойынша резиденттігін растау тәртібі біршама жеңілдетілді.

 Резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті қарау күнтізбелік 10 күн ішінде жүргізіледі, бұрын 15 күнді қамтыды.

Резиденттікті растайтын құжат электрондық құжат нысанында уәкілетті органның интернет-ресурсына  көшірмесін орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

 

 644-бап. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері

 

Жалпы бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері бойынша айтарлықтай өзгерістер орын алмаған алайда, кейбір қосымшалармен толықтырылған.

Мәселен аталған баптың  1 бөлімінің 3 тармағында инжинирингтік, маркетингтік қызметтерін көрсетуден түсетін кіріс енгізілген және 1 бөлімінің 5 тармағы бойынша уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның мынадай:

 аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткен соң бейрезидент қанағаттанбаған;

егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткенге дейін авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде таратудың салықтық есептілігін ұсынған күнге бейрезидент қанағаттанбаған шарттардың бірін орындаған кезде алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі кірістері бойынша жүргізіледі.

Онымен қоса бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері осы бөлімнің 19), 21)-23) тармақтарымен толықтырылды.

Бейрезидент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым түрінде алынған мүліктің құны, сондай-ақ бейрезидент-эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған мүліктің құныбейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірісі болып табылмайтындығы жөнінде жаңа салық кодексінің аталған баптың 2 бөлімінің 5 тармағымен  қосымша негізінде толықтырылған.

      

        646-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері

2018 жылғы жаңа қабылданған салық кодексінде -уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның кірістері 20 пайыз мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салуға жататындығы көрсетілген.

 

 

 

649-бап. Салықтық есептілікті ұсыну ерекшеліктері

    Аталға бапта Қазақстан Республикасында қызметін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 220-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент қызметінің дайындық немесе көмекшi сипатқа қана ие, бейрезиденттiң кәсіпкерлік қызметiнің негізгі түрлерінің бір бөлігі болып табылмайтын және үш жылдан аспайтын деп нақтыланған.

     653-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салу тәртібі

 

2017 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі қолданылып келген салық кодексінің 200 бабының 1 бөлімі алынып тасталынған. Бұл ретте бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесі біреуден артық болған жағдайда осы бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің бірі арқылы оның тұрақты мекемелерінің тобы бойынша жиынтық түрде төлеуге құқылы делінген болатын.

     666-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістерін салық салудан толық босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбі

 

2017 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі қолданыста болған салық кодексінің 212 бабындағы  салықтық әкімшілендіру бойынша даулы тұстарын алып тастап орынына жаңа қабылданған жаңа салық кодексінің аталған бабының  2 бөлімінде Бейрезидент бір немесе байланысты жобалар шеңберінде қызмет көрсетуден, жұмыстарды орындаудан кіріс алған жағдайда, салық агенті осы бапты қолдану мақсаттары үшін бейрезиденттің тұрақты мекеме құру фактісін, оның ішінде қызмет көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға шарт (келісімшарт), сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде айқындайды.

Бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құру фактісі анықталған кезде салық агенті Қазақстан Республикасында бейрезиденттің кірістерін салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес.

Салық агентінің бейрезидентке кірісті төлеу кезінде немесе бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген кірісін шегерімге жатқызу кезінде, егер мұндай бейрезидент кірісті түпкілікті (нақты) алушы және халықаралық шарт жасалған ел резиденті болып табылатын болса, салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.

Осы бөлімнің мақсатында кірістерді иелену, пайдалану, оларға билік ету құқығы бар және мұндай кіріске қатысты делдал, оның ішінде агент, номиналды ұстаушы болып табылмайтын тұлға түпкілікті (нақты) кірістерді алушы (иеленуші) деп түсінілуі керек.

Аталған баптың 4 бөлімінде жоспарлы салықтық тексеру жүргізілердің бастапқы күніне резидент екендігін растайтын  құжаттарды тапсыру талаптары алынып тасталынды.

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым

        Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым (бұдан әрі - алым) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру не ұзарту (бұдан әрі - рұқсат) туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламасы алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алынады.

       Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей, рұқсатты алған және ұзартқан жеке және заңды тұлғалардың орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымдарды төлеушілер және салық салу объектілері туралы ақпарат береді.

       Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты алатын немесе ұзартатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

Халықты жұмыспен қамту туралы және Халықтың көші-қоны туралы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жағдайларда жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылмайды.

 Алым мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында рұқсат алынғанға немесе ұзартылғанға дейін жергілікті атқарушы органның орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

       Алым төлеген тұлғалар рұқсатты алудан немесе ұзартудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, алымның төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.

Бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды оларды төлеген жердегі салық органы рұқсаттарды беруден және (немесе) ұзартудан бас тарту туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы берген құжатты алымды төлеуші ұсынғаннан кейін оның салықтық өтініші бойынша осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

 

 

 Резидент еместің  көздерінен алған табыстарын салық салудан толық босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану

 

 ҚР Салық кодексінің 212 бабына сәйкес, егер резидент емес халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, мұндай резидент емеске табыс төлеу кезінде немесе резидент еместің есептелген, бірақ төленбеген табысын шегерімге жатқызу кезінде салық агентінің салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.

Осы бапта белгіленген халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі осы Кодекстің 212-1, 212-2, 213, 214 және 215-баптарында халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі белгіленген табыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 197-бабында айқындалған табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабында көзделген резидент еместің табыстарына салық салуға қатысты қолданылады.

Резидент емес осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжатты салық агентіне табыс еткен кезде халықаралық шарт қолданылады.

Бұл ретте резиденттікті растайтын құжатты резидент емес салық агентіне осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бірінші болып басталатын мына күндердің бірінен:

1) резидент емеске табыс төленген немесе резидент еместің төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан;

2) төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық міндеттемесін орындау мәселесі бойынша жоспарлы салықтық тексеру жүргізілген күнтізбелік жылда аяқталатын, резидент емеске табыс төленген тоқсанды мұндай салықтық тексеруді жүргізудің басталуынан;

3) төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық міндеттемесін орындау мәселесі бойынша жоспардан тыс салықтық тексеру жүргізілген күнтізбелік жылда аяқталатын, резидент емеске табыс төленген тоқсанды мұндай салықтық тексеруді жүргізу аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді. Жоспардан тыс салықтық тексерудің аяқталған күні нұсқамаға сәйкес айқындалады.

    Егер резидент емес Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға әкеп соқпайтын мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсеткен немесе жұмыстар орындаған жағдайда, халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында резидент емес заңды тұлға осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжатпен бірге салық агентіне құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін не құрылтайшыларды (қатысушыларды) және резидент емес заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен немесе резидент емес тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан) үзінді көшірмелерді табыс етеді.

Салық агенті табыс етілген құжаттардың және қызметтер көрсетуге немесе жұмыстар орындауға арналған шарттың (келісімшарттың) негізінде резидент еместің осындай шарттың (келісімшарттың) және олар болған кезде байланысты жобалардың шеңберінде қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау нәтижесінде тұрақты мекеме құру фактісін айқындайды.

     Резидент еместің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құру фактісі анықталған кезде, салық агенті Қазақстан Республикасында резидент еместің табыстарын салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес.

      Салық агенті салық органына табыс етілетін салықтық есептілікте резидент емеске есептелген (төленген) және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының мөлшерлемелерін және халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге міндетті.

      Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резидент емес салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай құжаттың көшірмесі, табыс етілу мерзімі резидент еместің осындай құжатты осы баптың 3-тармағына сәйкес салық агентіне тапсырғанынан кейін басталатын, салық есептілігін табыс ету үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде табыс етіледі.

    Халықаралық шарттың ережелері заңсыз қолданылып, бұл мемлекеттік бюджетке салықтың төленбеуіне немесе толығымен төленбеуіне әкеп соққан кезде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.