Date of publication: 08.05.2015 17:36
Date of changing: 12.09.2019 17:00

 

Ағаштың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір

мәселелері туралы

2019 жылғы 18 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 564 бұйрығы күшіне енді.

Осы бұйрыққа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан ағаштың жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады

Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы

2018 жылғы 13 қаршадан бастап Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 719, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 28 және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 928 бірлескен бұйрығы күшіне енді.

Осы бұйрыққа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, тотығуға төзімді болатты (ЕЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) және өзгелерін қоспағанда (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0), қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын (ЕЭО СЭҚ ТН кодтары 7204, 7404 00, 7602 00, 8548 10 210 0, 8548 10 290 0, 8548 10 910 0), сондай-ақ бұрын қолданыста болған және өз ресурсын тауысқан құбырларды, рельстерді, теміржол төсемдері мен жылжымалы құрамның элементтерін (ЕЭО СЭҚ ТН кодтарының 7302, 7303, 7304, 7305, 7306, 8607) автомобиль көлігімен әкетуге 2 жыл мерзімге тыйым салынады.

 

 

 

 

 

 

 

«Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 91  шешіміне сәйкес (бұдан әрі – Шешім) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап кедендік төлемдерді төлеуден босатыла отырып, иесімен бірге жөнелтілетін және иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда теміржол және автомобиль көлік түрімен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың әкелу нормасы 1500 еуродан 500 еуроға және 50 кг-ден 25 кг-ге салмағы төмендейді.

 

 

Міндетті түрде алдын-ал ақпараттандыру бойынша Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға мәлімет үшін.

Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Еуропа одағының елдерінде, тауар туралы алдын-ала ақпараттандыру Кеден одағының ішкі шекарасының өткізу пунктілерінде өткізу қабілетін арттыру үшін, келу орындарда кедендік операцияларды жасау уақытын қысқарту және кедендік бақылауды оңтайландыру арқылы тауардың және көліктің шекарада орналасқан өткізу пунктісіне келгенге дейін бақылау объектісін таңдау үшін енгізілген.

Келу орындарында кедендік транзит кедендік рәсімге орналастыруға алдын-ала ақпарат толық көлемде ұсынылған жағдайда және алдын-ала ақпаратта, мәліметте сәйкессіздік болмаған кезде ұсынылған алдын-ал ақпарат транзиттік декларацияның электрондық көшірмесі ретінде ресімделетіні Еуразиялық экономикалық одағының шешімімен көзделген.

Бұл ереже, өткізу пунктісінде Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың кедендік өкілге (брокерге) транзиттік декларацияның электрондық көшірмесін ресімдеу үшін өтішін жоққа шығарады, яғни Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың уақытпен, қаржылық шығындарын төмендетеді.

Алдын-ала ақпарат берудің артықшылықтарының бірі, Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен реалдық режимде Қазақстан Республикасының кеден органдарының Web порталы, электрондық пошта арқылы транзиттік декларацияның тіркелгені, шыққаны, көлік құралдың жеткізу орнына келгені туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

Қосымшада:Бірыңғай экономикалық комиссиясының шешімдері

Теміржол көлігінде 17.09.13ж. №196;

Ауе көлігінде 01.12.15ж. №158

Автокөлікпен 09.12.11ж. №899

Су көлігінде 10.04.18ж. №51