Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына келесі мәліметті жеткізеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы қараша айының 16 жұлдызындағы №751 Қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы сәуір айының 4 жұлдызындағы №260 «Темекі өнімдеріне фильтрмен, фильстрсіз және папиросқа төменгі бөлшек саудадағы бағасын тағайындау туралы» Қаулысына өзгеріс еңгізілді, 20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз және папирос темекі өнімдеріне бөлшек саудадағы төменгі мөлшердегі бағалар белгіленді:
- 2019 жылғы қаңтар айының 1 жұлдызынан 2019 жылғы маусым айының 30 жұлдызына дейін - 380 тенге;
- 2019 жылғы шілде айының 1 жұлдызынан 2019 жылғы желтоқсан айының 31 жұлдызына дейін - 400 тенге.