Date of publication: 13.12.2018 10:35
Date of changing: 13.12.2018 10:37

 

Ұйымдастыру қаржы басқармасының – ұйымдастыру бөлімі облыстық МКД сайтына орналастыру үшін ақпаратты жолдайды:

Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында «Барлық жақсылық -балалар үшін» атты ұраны басшылыққа алынып «Жаңа 2019 жыл» қарсаңында  ерекше көңіл бөлуді қажет ететін балалар (жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасы, мүмкіндігі шектеулі балаларға)мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында, жаңа жылдық қайырымдылық акциясы жарияланған. Аталған іс-шараға департамент ұжымы белсене қатысып, жаңа жыл күні сыйлық алудыармандайтыналты балаға жиырма мың теңге тұратын алты сертификатқа120 мың теңге сыйға тартылды(қысқы киімдер, тәттілер, ойыншықтар және т.б.).

Еліміздің болашағы үшін, бейбітшілік пен өркендеуіне балаларды тәрбиелеу, барлық жағдайда қолдау көрсету ұраны, барлық ересектер үшін қағидатты болуға тиіс.

Қазақстанның дамуына, өркендеуіне және балаларымыздың игілігіне тілектеспіз. 

 

Ұйымдастыру бөлімі ҰҚБ

Ақтөбе облысы бойынша МКД