Date of publication: 14.08.2018 16:58
Date of changing: 14.08.2018 17:49

 

ТМД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекетаралық кеңестің құрамындағы Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь, Армения, Қырғыз Республикаларының өзара іс-әрекеті нәтижесінде 2018 жылдың 19 қарашасына дейін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты халықаралық байқауы өткізілуде.

Бұл байқау аталған тақырыптағы әлеуметтік бейнероликтер, плакаттар әзірлеу арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті, қоғамның барлық деңгейлері мен қызмет салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетіктері мен аталған бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңыздылығын айқындауға бағытталған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы, Армения, Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы және Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік қыржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша агенттігі бірлесе ұйымдастырған байқау www.anticorruption.life ресми сайтында өткізіледі.

Байқауға 14-35 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады және қатысушы жұмыстардың орыс тілінде болуы шарт. Ол үшін Сіз www.anticorruption.life ресми сайтына Қазақстан Республикасын таңдап, одан әрі облыс және қаланы (ауданды) көрсете отырып электронды пошта арқылы тіркеле аласыз.

Қосымша ақпаратты www.anticorruption.life ресми сайтынан немесе
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 8-702-680-95-71 whatsapp нөмірінен біле аласыздар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдан шет қалма! Өз үлесіңді қос!