Date of publication: 13.12.2017 16:37
Date of changing: 13.12.2017 16:38

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді, жеке тұлғалардың көлік құралдары бойынша салық төлеу мерзімі 31.12.2017 жылы аяқталады, осыған сәкес,  белгіленген уақытта міндеттемені орындауды сұрайды.

Егерде белгіленген уақытта міндеттемені орындамаған жағдайда, әр бір өткен күнге өсімпұл есептеледі.

Ақтөбе қаласының МКБ-да жеке тұлғалардың көлік құралдары бойынша міндетті салық төлемін төлеу үшін коммуналдық мекемелердің қызметін пайдалана отырып, «Трансэнерго» АҚ, «Тазалық» ЖШС-і, «Ақбұлақ» АҚ арқылы хабарламалар таратылуда, сонымен қатар «Біріктірілген төлем құжатының» қызметін пайдалану арқылы борышкерлерге хабарламалар дайындалуда.

Сондай-ақ өз еркімен салық міндеттемесін орындамаған салық төлеушілерге сот арқылы өндіру үшін, сот органдарына материалдар жіберілуде, жыл басынан 1085 жеке тұлғалардың көлік құралдары бойынша  салық бережағы - 131 804,6 мың теңгеге материал дайындалып жіберілді. Оның ішінде бүгінгі күнде 783 жеке тұлға бойынша салық бережағы 89 103,8 мың теңге өндірілді.

Осыған орай,күнбе күнгі салық заңнамасына сәйкес жүргізілген іс-шаралардан басқа салық бережақтарын азайту және салық бережағы бар борышкерлердің санын азайту үшін уәкілетті органдармен бірлесіп, жеке тұлғалардың салық бережақтарын өндіру үшін іс шаралар жоспары бекітілді және жеке сот орындаушылардың қатысумен полиция қызметі ІІД, әкімшілік полиция басқарма ІІД бірлесіп салық бережақтары бар жеке тұлғаларға рейдтік іс шаралар өткізілді.

Өткізілген рейідтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша:

  • Сот актісін орындамағаны үшін, салық бережағы бар 3 жеке тұлғаға әкімшілік қамау жазасы қолданылды;
  • 12 жеке тұлғаның авто көліктерін жүргізуге тиым салып, айыппұл тұрағына қойылды;
  • 10 жеке тұлға жүргізілген рейдтік іс-шарлардың арқасында-4,4 млн теңге көлемінде салықтарын толық төледі;
  • 2 жеке тұлға бойынша жалақысынанұстау үшін, орындау парағын жұмыс орнына жіберілді.
  • 3 жеке тұлғаға сот актісін орындамағаны үшін, 22690 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жазаға тартылды;

 

 

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті