Date of publication: 18.10.2017 10:48
Date of changing: 18.10.2017 10:49

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы азаматтарды ақпараттандыру деңгейін жоғарылату, электрондық қызметтерді тарату мақсатында, 20 қазан күні сағат 10.00 "Халықтық кеңсе" ғимаратында (Сәңкібай батыр, 249) мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтеді.

Бұл шара Ақтөбе облысы бойынша КР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент агенттігімен, мемлекеттік органдармен, Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның филиалдарымен бірлесіп өткізіледі.

Іс-шара барысында азаматтарда қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсету салаларында консультациялық-әдістемелік көмек алуға мүмкіндігі болады, оларды атап айтқанда: жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, білім, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, мемлекеттік кірістер, Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-пен көрсететін мемлекеттік қызметтердің түрлері, сондай-ақ, орында өтініш беру мүмкіндігімен пайдалануға болады.