Date of publication: 26.09.2017 12:33
Date of changing: 26.09.2017 12:34

Қазақстан Республикасында отандық экспорттаушы-тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ҚР Салық кодексінің 272 бабына сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар жасалған салық кезеңінің соңында қалыптасқан ҚҚС сомасының асып кетуі, егер бір мезгілде мынадай шарттар орындалатын болса:

1) ҚҚС төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізуді жүзеге асырса;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымның кемінде 70 пайызын құрайтын болса, қайтарылуға жатады.

ҚР Салық кодексінің 272 бабына сәйкес ҚҚС асып кеткен сомасын салық төлеушіге қайтару салық кезеңі ішінде ҚҚС жөніндегі декларацияда аталған қайтару туралы оның талабының негізінде жүзеге асырылады.

Салық кезеңі ішіндегі өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызды құрайтын, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын ҚҚС төлеушіге тексеру нәтижелерімен расталған ҚҚС асып кетуін қайтару ҚР Салық Кодексінде белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап 55 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Тексеру нәтижелерімен расталған ҚҚС асып кетуін қайтару ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияны салық органына табыс етуге ҚР Салық Кодексінде белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап күнтізбелік 155 күннің ішінде жүргізіледі

Осы тармақтың мақсатында:

1)  қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасының анықтығын растау бойынша салықтық тексеру актісі;

2) ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.

Салық төлеушінің декларацияда ҚҚС қайтару талабы көрсетілген, бюджеттен қайтарылған және құжаттық салықтық тексеру жүргізу барысында расталмаған ҚҚС асып кеткен сомасы салық төлеушінің тексеру нәтижелері туралы хабарлама негізінде, осы сомаларды аударған күнінен бастап әр күн үшін өсімпұл есептен шығарыла отырып бюджетке төленуге жатады.

Сонымен қатар, ҚР Салық кодексінің 274 бабына сәйкес  ҚҚС асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі алдын-ала салықтық тексеру жүргізбей ҚҚС қайтаруды жүзеге асыру болып табылады. ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, ҚҚС жөніндегі декларацияны табыс еткен ірі салық төлеуші мониторингінде кемінде қатарынан он екі ай тұрған және ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, ҚҚС бойынша декларацияны табыс ететін күнге салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесі жоқ ҚҚС төлеушілердің ҚҚС асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.

Бұл ретте есепті салық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшердегі ҚҚС асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға жатады.

Оңайлатылған тәртіппен ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару ҚР Салық Кодексінде белгіленген соңғы күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.