Date of publication: 11.05.2017 15:29
Date of changing: 11.05.2017 15:32

«Пара алу және пара беру, сыйлықтарды сыйлау және алу

іс тәжірбиесіне тиым салу жүргізу жұмыстары бойынша»

 

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кіріс Департаментінің Ішкі қауіпсіздік және кадар қызметінің бөлімдерімен тұрақты негізде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарының талаптарын сақтау сұрақтары бойынша Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кіріс Департаментінің қызметкерлерімен және құрылымдық бөлімшілердің қызметкерлерімен түсіндерме жұмыстары жүргізіледі.

Сыбайлас құбылыстарды алдын-алу мақсатында МКО лаузымды адамдардың, сонымен бірге сыртқы сауда саласындағы қатысушылар және әділетсіз салық төлеушілердің тарапынан мемлекеттік қызметкерлерімен қызметтік өкілеттіктерін атқару кезінде сыйлық алуға тиым салу бойынша бағытталған профилактикалық іс шаралар жүргізлуде. 

 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» (Бұдан әрi Заң) Заңының 49-бабының 1-тармағының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметші мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, өзінің әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасауға жол бермеуге мінедетті деп көрсетілген.

Заңның 50-бабынынң 10, 16 және 17 тармақтарына сәйке ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі; егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқарғаны үшін өзі оларда тиісті функциялар атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетілетін қызметтер түрінде және өзге де нысандарда кез келген сыйақыны қабылдауы. Мемлекеттiк қызметшінің шотына осы адам білмей келiп түскен ақша, сондай-ақ ол тиісті функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған қаражат олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiмде тиiстi мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсуiнiң мән-жайлары туралы түсiнiктеме ұсыныла отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады; өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер болып табылады.

Заның 44-бабының келесі тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасағаны үшін:

 осы Заңның 50-бабының 5-бөліміне сәйкес 10-тармағында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, мемлекеттік лауазымын төмендетуге, ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда – қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны заңда белгіленген тәртіппен қолдануға әкеп соғады.

осы Заңның 50-бабы 7-бөліміне сәйкес 6 және 17 тармақтарында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне 677-бабына сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен бірге Кодекспен жеке және заңды тұлғалармен заңсыз материалдық сыйақы бергендері үшін жауапкершілік көрсетілген.

Мысалы жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (Кодекстің 676-бабы).

Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса,  жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (Кодекстің 678-бабы 1-бөлімі).

Кодекстің 678-бабының 2-бөліміне сәйкес осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде 2017 жылдың 1-тоқсаныңда Ақтөбе облысы бойынша МКД-нің қызметкерлеріне 3 сыйлық беру деректері аңықталды.

Департаментің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 50-бабын басшылыққа ала отырып белгіленген мерзімде арнайы мемелекеттік фондқа тапсырылды.

Қосымша түрде салық төлеушілердің және сыртық экономикалық саласының қатысушыларына Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кіріс Департаментінде тәулік бойы № (код-7132) 210889 сенім телефоны жұмыс істеуде, осы телефон бойынша мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдар жағынан сыбайлас құбылыстар деректері бойынша хабарламалар қабылданатыны туралы назарларына саламыз.

 

Ақтөбе облысы бойынша

МКД-нің Ішкі қауіпсіздік басқармасы