
Шағын бір аумақтың не тұтастай бір Мемлекеттің экономикасын табысты түрде жетілдірудің артында экономикалық қылмыстарға қарсы жүргізілетін үздіксіз күрес тұрады.
Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі көлеңкелі экономика аясындағы қылмыстар- атап айтсақ, көлеңкелі мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы, акоголь өнімдерінің заңсыз айналымы, экономикалық контрабанда, шетелдерге заңсыз ақша асыру онымен қатар мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік сектордегі, салық, кеден қызметтері аясындағы қылмыстарды анықтауға және тергеуге бағытталған.
Аталған мерзімде Экономикалық тергеу қызметімен нақтылы жұмыстар іске асырылды.
Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі өндірісінде 265 қылмыстық іс тіркелді, алайда былтырғы жылмен салыстырғанда 1,7 есеге азайғанын сотқа дейінгі біріңғай тіркеу жүйесіне тіркелген қылмыстық істің 225 тен 138 ге төмендегенін көруге болады.
Қылмыстық істердің біршама азаюы Мемлекет басшысының бизнесті қолдау және оларға көрсетілетін қысымның төмендетілуі керектігі жөніндегі талабына байланысты. Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа талаптпрына сәйкес қылмыстық іс қозғар кезде тексеру материалдары ұқыпты талданып, шұғыл түрде терең әзірлікпен қатар қылмыстың бастамашылығы белгіленеді.
Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 147 қылмыстық іс аяқталып, оның ішінде сотқа жіберілгені-89 қылмыстық іс, ақталмау негізінде шығынды өтеуге байланысты 58 қылмыстық іс қысқартылса, 18 қылмыстық іс ақталуға байланысты қысқартылған болатын.
Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеттерінің бірі, қылмыстық іс-әрекеттер негізінде мемлекетке келтірілген залалды өндіру арқылы ел бюджетін толықтыру.
Атқарылған жұмыстар барысында жалпы 7,1 млрд. тенге келтірілген шығынның 6,4 млрд. тенге шығыны өтелсе, қалған соммасына кейін өтеп алу мақсатында келтірілген залалға жауапты тұлғалардың жеке мүлкіне шектеу қойылды.
Экономикалық тергеу қызметінің басым бағыттарын ескерсек, негізінен әлеуметтік маңызы бар, мемлекетке және қоғамға кері әсерін тигізу арқылы зиан келтірген, қоғамдық дүрбелеңге алып келетін қылмыстарға назар аударылып зейін қойылады.
Экономикалық тергеу қызметінің күшімен Ақтөбе облысының тұрғындарының қолданысына арналған жалпы соммасы 195,4 млн. тенгені құрайтын сұйытылған газды топтасып және бірнеше мәрте жалған құжаттар рәсімдеп, заңсыз сатылымға шығарып яғни теміржол цистерналары арқылы Ауғанстанға экспорттаумен айналысқан топ құрықталып, қылмыстық әрекеттері әшкереленді.
Қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жіберілді.Сотқа дейінгі тергеу барысында сот үкімінде жазаланушының жеке мүлкі тәркілену мүмкіндіктері ескеріліп, сәйкесінше 163,7 млн. тенгенің мүлкіне шектеу қойылды.
Нәтижесінде Ақтөбе облысы аумағында сұйытылған газ тапшылығы шешімін тауып, сұйытылған газ бағасы 25 пайызға арзандады.
Нарықта мұнай секторынан түсетін табыстың жоғары болуы, қылмыстық әрекеттердің, (оның ішінде мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы) белең алуына байланысты аталған заңбұзушылықтар экономикалық тергеу қызметінің басты назарында болатынын жеткізгісі келеді.
Заңсыз мекемелерді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл әрекеттерінің орындалуы барысында, діни жат ағымның жетегінде жүрген тұлғалардың көшбасшысына қатысты шұғыл түрде іс-шаралар жүргізілді.
Нәтижесінде бұрын құқық қорғау қызметінде қызмет атқарған тұлғалармен топтасып, Ақтөбе облысында мұнай өнімдерін заңзыз сақтау, тасымалдау және сатумен айналысқан қылмыскерлер құрықталды.Заңсыз айналымнан түскен қаражатты діни жат ағымның жетегіндегі тұлғалар өзара бөлісіп, қалған бөлігін былтыр терористтік акт жасап мерт болғандардың отбасыларына жеткізіп отырғандығы әшкере болды.
Қылмыстық іс соттың қаралуына жолданды.
Мемлекеттік кірістер департаментінің тағы да бір үнемі назарда тұратын Экономикалық тергеу қызметінің бақылауын қажет ететін заңсыздықтардың бірі алкоголь өнімдерінің айналымы шеңберінде болып отыр.
Шұғыл-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде жалған есептік бақылау маркасын қолдану арқылы суррогат алкоголь өнімдерін шығарумен айналысу фактісі анықталды. Бұл істі 2013 жылдан бері кәсібі мәжбүрлі түрде тоқтап тұрған алкоголь өнімдерін өндіруші зауыт жүзеге асырып келгендігі анықталды.
Онымен қатар тағыда бір Шұғыл-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде сыра өнімдерін лицензиясыз және басқа да құқықтық құжаттарсыз өндіріп және де БҚО және Самара ауданына әрі қарай айналымға жіберілуі тиіс астыртын цехтың қызметі әшкереленді.
Қоймада «Жигули» сырасының жалпы саны 21280 бөтелке, 30 литерлік 21 құты, 50 литрлік 359 құтысы, «Свежак» сырасының 7080 бөтелкесі, оған қоса «Жигули» сырасының шыны бөтелкесіне арналған қақпақтың 60 қорабы және 570000 этикетка тәркіленді. Жұмыстар әрі қарай жүргізілуде.
Экономикалық тергеу қызметінің күн тәртібінен мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік секторге, мемлекет тарапынан милиардтап ақша бөлінуге байланысты бюджеттік қаражатқа қатысты орын алатын қылмыстар түскен емес.
Шұғыл-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық «Білім бөлімі» мемлекетті мекемесінің басшысы «Рич Трейд» ЖШС-нің басшылығымен бірлесіп істеген, жылу ресурстарын алуға бағытталған ірі көлемдегі қазына қаржысын жымқыру фактісі анықталды. Келтірілген залал мөлшері 52,0 млн. тенгені құрады.
Қазіргі таңда қылмыстық іс сотпен қаралып айыпталушыларға 5 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалып, мүліктері тәркіленді.
Қыркүйек айында күзет агенттігімен ірі көлемдегі мемлекет қаржысын жымқыру деректері анықталды, аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Келтірілген залал 120,0 млн. тенгені құрап отыр.
Аталған мекеменің 100 пайыздық құрылтайшысы ұлттық компания екендігін ескерте кетеміз.
Экономикалық тергеу қызметі тарапынан Ұлттық қордан көлемді қаражаттың бөлінуіне байланысты, бюджет қаражатын жымқыру, бюджет қаражатын дұрыс бағытта қолданбауына қатысты іс-шаралар үнемі жүргізіліп отырады.
Жыл басынан бері агроөнеркәсіптік комплекстерді субсидиялауға қатысты, Ақтөбе облысы прокуратурасымен бірлесіп, бюдет қаражатын алып және оны жүйсіз қолдануы бағытында 25 дерек тіркеліп, жауаптылар қылмыстық жазаға тартылып, келтірілген залалды өтеді.
Ірі салықтөлеушілердің мемлекет алдында бюджетке салық төлеуден жалтару фактілерін болдырмау мақсатында жүйелі түрде шұғыл-іздестіру жұмыстары жүргізіліп отырады. Экономикалық тергеу қызметі күшімен мәжбүрлі түрде 3,0 млрд тенге қамтамассыз етіліп, мемлекеттік бюджет толықтырылды.
Көлеңкелі эконмиканың жағымсыз тұстарының бірі шет елдерге заңсыз ақша асыру. Капиталды сыртқа шығару үшін афшорлық аймақ қолданылады.Осыған орай аталған бағыттағы қылмыстар тікелей Президен апаратымен және үкіметтің басты назарында болып отыр.
Биылғы жылға экономикалық тергеу қызметімен шет елдерге заңсыз ақша аудару бойынша 2 дерек тіркеліп, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қоғамға кері әсерін тигізуде заңсыз ойын бизнесінің алатын орыны ерекше болып отыр. Жастардың тіпті кейбір егде адамдардың құмар ойынға тәуелділігі салдарынан небір қылмыстардың орын алып жатқандығы баршамызға мәлім. Оның ішінде бұзақылық, ұрлық тіптен адам өлтіру деректері де болып жатады. Бұл жағдайлар қоғамға өзінің жағымсыз факторларын тигізуде.
Осыған орай Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі заңсыз яғни лицензиясыз ойын бизнесін ұйымдастыруды анықтау және алдын алуға бағытталған шұғыл-іздестіру шаралары жүргізіледі.
Нәтижесінде жыл басынан бері заңсыз, рұқсатсат етілмеген қызмет түрімен яғни электрондық казино, қаламызда орналасқан бір қонақжайда астыртын қызметті жүзеге асырған. Аталған қылмыскерлер дерегі бойынша қылмыстық іс біріңғай жүйеге тіркеліп сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
2017 жылы 6 бірдей заңсыз ойын бизнесінің ұйымдастырылуы фактісі анықталып, оның екеуі сатқа жіберілсе 3 қылмыстық іс әлі тергелуде.
Ұлттық валютамызды қорғау мемлекеттік кірістер органының экономикалық тергеу қызметінің құзырына жататындығына сәйкес бұ бағыт бойынш жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отырады.
Соңғы жылдары ұлттық валюта айналымында жалған банкноттардың көптеп кездесуі экономикалық қауіпсіздікке келіп тиеттін соққы болып отыр.
Құзырлы органның тарапынан жүргізілген іс-шаралар негізінде астыртын ақша шығарумен қатар оны қолданысқа жіберіп отырған тұлғалар анықталды. 4 тұлғаның 45 оқиғаға қатысы бар айыптау актісімен сотқа жіберілді.
Қазіргі таңда тағі бір өзекті мәселелердің бірі ол қаржылық пирамидалармен күрес болып саналады.
Қоғамда халықтың қаржылық сауаттылықтың аздығы салдарынан және жеңіл әрі тез арада өз материалдық жағдайларын түзетеміз деп керісінше осы бір қаржылық пирамиданың құрбандарына айналып жатады.
Осы мерзім ішінде экономикалық тергеу қызметі мамандарының іс-қимылы арқасында Ақтөбе облысында екі бірдей қаржылық пирамида ұйымының алды алынды. Олар Questra Holdings және Unnitty Corporation ұйымдары. Осы құйтырқы қылмыстық әрекеттерге қатысы бар тұлғалар жауап беруде.Сотқа дейінгі қылмыстық іс тергелуде.
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің
Экономикалық тергеу қызметі