Date of publication: 17.03.2016 11:21
Date of changing: 17.03.2016 11:22

Алкоголь өнімдерін сатып алушыларға мәлімет үшін.

       Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздердің назарларыңызға келесідей мәліметтерді жеткізеді.

       Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 16 шілдесіндегі №429-1 «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес, белгісіз бір үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркасыз, есеп-бақылау маркасыз, сондай-ақ есеп-бақылау маркасымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің айналымына тыйым салынады. Бұл Заң бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 283 бабының 2 тармағына сәйкес лицензияны тартып алу және айыппұл салу (150 ТЕК) түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

       Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті және «Вайпоинг» ЖШС-мен 2015 жылғы маусым айының 12 жұлдызында өз-ара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол койылды.

«Вайпоинг» ЖШС смартфонға арнап қосымшаны жобалады, штрих-кодты сканерлеу үшін және Комитеттің мәліметтер базасында есеп-бақылау маркасының, марканың номері, сериясы бойынша бары, жоғы туралы ақпаратты беру үшін, штрих-кодты еңгізу туралы өтінішті сәйкестендіру үшін және есеп-бақылау маркасының тұпнұсқалығын тексергісі келетіндерге жағдай жасау мақсатында. Қосымшаны http://wiponapp.com/ru сайтынан жүктеуге болады.

      Сонымен қатар «Алкоголь өнімдерінің есеп-бақылау маркаларының  дұрыстығын тексеретін сервис» 2015 жылғы сәуір айының 30 жұлдызында www.kgd.gov.kz wev-сайтында сатылғанын хабарлаймыз.

      Сондай-ақ  Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында (Ақтөбе қаласы, Некрасов көшесі, 73 үй, 10, 25 кабинеттер, 21-08-67, 21-40-28 телефондарымен бүкіл сұрақтар бойынша хабарласуға болады.) есеп-бақылау маркаларының түпнұсқалығын анықтау үшін арнайы пункт ашылды.

     Осыған орай, алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатушылар, сатып алушылар алкоголь өнімдерін сатып алғанда, есеп-бақылау маркаларының түпнұсқалығына күмән келтірсе, жоғарыда көрсетілген web-cайтында немесе Департаменттің арнайы пунктінде алкоголь өнімдерінің есеп-бақылау маркаларының түпнұсқалығын ақысын төлемей босқа тексертіп алуға болады

 

Ақтөбе облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
акциздерді әкімшілендіру бөлімі