
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңымен күші жойылды.
Жаңа Заңмен:
- банкроттыққа жол бермеу немесе банкроттыққа жеткізу бойынша шаралар алмағаны үшін борышкердің жауапкершілігі күшейтілді;
- пайда болған төлем өтеу қабілетсіздігін шешу жолында лауазымды тұлғалардың демеу, қаржы бөлу үшін жауапкершілігі енгізілді. Лауазымды тұлға банкроттық қорытындысы бойынша мүліктік жетіспестік себептерімен қанағаттандырылмай қалған кәсіпорын борышы үшін жеке мүлігімен жауап береді.
- сотта борышкердің төлем қабілетсіздігін белгілеу үшін оның қаржылық – шаруашылық қызметінің барысына талдау жасауға қажетті ақпар жинау үшін уақытша басқарушы тұлға енгізілді;
- борышкер мен кредитордың ұсынған оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындысы мен кредитордың нақты талаптар тізілімін жасау үшін уақытша әкімшілік тұлға тағайындалады;
- сотта оңалту және банкроттық туралы істі қарау уақыты қысқартылды, оңалту бойынша қарау -1 айға дейін.
Банкроттық рәсімінде кредитордың құқықтары айтарлықтай ұлғайтылды:
- кредиторлар жиналысы институты енгізілді;
- кредиторлар комитетінің есептік құрамы бойынша шектеулер алынып тасталды;
- дауыс беру принципі өзгертілді, кредиторлар өз талаптарының сомасына байланысты дауыс береді («бір теңге – бір дауыс»)
- кепілді кредиторларға оның талабын қанағаттандыру үшін кепілдік мүлік алуға мүмкіндік беріледі (міндетті шарт: кепілді мүлікті ұстауға байланысты кепілді кредитордың «әлеуметтік» талаптары мен әкімшілік шығындарын өтеу).
Уәкілетті органнан кредиторлар жиналысына берілуіне байланысты әкімшілік кедергілер қызметі төмендетілді:
- банкроттық басқарушыны таңдау;
- кредиторлар комитетінің құрамын бекітіп, қалыптастыру және банкроттық істің бірінші отырысына шақыру;
- банкроттық рәсімнің мерзімін ұзартуға келісімге келу;
- банкроттық басқарушының қорытынды есебіне келісу.
Әкімші қызыметкердің жауапкершілігін күшейтіп, біліктілікті арттыру міндеттілігі және кандидаттың біліктілік емтиханнан өту жауапкершілігі күшейтілсін.
Атап айтқанда:
- уәкілетті орган тоқсан сайын компьютерлік тестен өту және емтихан билеттері негізінде сұхбаттасу арқылы екі сатыдан тұратын біліктілік емтиханын өткізілсін.
- комиссия құрамына уәкілетті органдар өкілдері мен жұмыс істеп отырған тәжірибелі басқарушылар енгізілсін.
- тест сұрақтары нақты заңнамадағы өзгерістерді есепке ала отырып, өзекті мәселелерді қамтуы тиіс.
- тәжірибелі басқарушылар өз біліктіліктерін әрбір 3 жыл сайын көтеруі қажетті заңмен бекітілген міндет болып саналады.
Сондай-ақ аталған Заңда әкімші қызметкерлерді негізгі және қосымша марапаттау тәртібі қарастырылған. Басқарушыны аз көлемде марапаттау мөлшері уәкілетті органның кредиторлардың шешімі бойынша ұлғайту мүмкіндігімен бекітіледі. Басқарушы қосымша марапаттау алуды талап ете алатын жағдайлар да қарастырылған. (мүлікті мүліктік массаға қайтару, дебиторлық борышты өндіріп алу).
Банкроттық мүлікті сату бойынша электрондық аукцион енгізілді, сондай-ақ активтерді тікелей сату қарастырылған. Электронды аукцион сатылымды көптеген әлеуетті сатып алушыларды саудаға қосуға сөзсіз мүмкіндік береді. Лоттардың баға белгілеу жүйесі банкроттық мүлікті төмендеу баға емес, нақты баға бойынша сатуды қамтамасыз етеді.
Быстрова Р.В.
Ақтөбе облысы бойынша МКД
Оңалту және банкроттық бөлімінің бас маманы