Жарияланған күні: 30.03.2018 19:12
Өзгертілген күні: 30.03.2018 19:12

 

Жаңа кедендік заңнамадағы тауарлардың кедендік құнын бақылау және анықтау бөлігінде келесідей негізгі жаңалықтар енгізілді:

1. Кедендік реттеу туралы қатысушы елдердің заңнамаларында белігенген жағдайда (ЕАЭО КК 38 бабының 19 тармағы) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешім қабылдау институты енгізілді.

Аталған қалыпты шара 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне де (бұдан әрі - Кодекс) енгізілді.

Бүған қоса, Кедендік реттеу туралы кодекстің 65 бабының өтпелі ережелерінде әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді тарату жағдайлары мен тәртібін анықтау уәкілетті органның құзыретімен белгіленетіні анықталған, сонымен қатар, осындай алдын ала шешімдерді қолдану мерзімі мен тәртібі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді тарату жағдайлары мен тәртібіне, сонымен қатар,  осындай алдын ала шешімдерді қолдану мерзімі мен тәртібіне қатысы бар (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленуде.

Көрсетілген Тәртіпті өңдеу кезінде Бүкіл әлемдік сауда ұйымының ұсыныстары ескерілді.

2. 25.01.2008ж. Кеден одағының кеден аумағы арқылы тасымалданатын тауарлардың кедендік құнын анықтау туралы келісімі 01.01.2018ж. ЕАЭО КК енгізілуіне байланысты күшін жойды және ЕАЭО КК құрылымына оның ережелері кіргізілді.

3. Тауарлардың кедендік құнын анықтау 5 (бес) кедендік рәсімдерде анықталмайды:

1) кедендік транзит,

2) кедендік қойма,

3) жою,

4) мемлекеттің па         йдасына бас тарту кедендік рәсімі,

5) арнайы кедендік рәсімдер.

4. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның тауарлардың кедендік құнын бақылаудың негіздеріне, КҚД форматтарын және құрылымын анықтаутын нысандарына, қосымша шешім қабылдауға құқығы бар. Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық комиссия Бүкіл әлемдік кеден ұйымы мен Бүкіл әлемдік сауда ұйымы аясында тауарлардың кедендік құнын анықтау және кедендік құнды реттейтін нормалар бойынша түсіндірулері бар актілерді қабылдай алады.  

         5. 2 және 3 әдістер бойынша әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін құндық негізді таңдау мақсатында кеден органы мен декларант арасындағы кеңес беру институты енгізілді.

         Қазіргі уақытта, Кодекстің 68 және 69 баптарымен жауап берілетін, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін құндық негізді таңдау мақсатында мемлекеттік кірістер органдары мен декларант арасында кеңес беруді жүргізу уақыты мен тәртібін анықтайтын және Кодекстің 65 бабының 15 тармағына сәйкес кеңес беруді жүргізу уақыты мен Тәртібі әзірленуде.        

         Кеңес беруді жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органы мен декларанттар коммерциялық құпия туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының тәртібін сақтай отырып қолдарында бар ақпараттармен өзара алмасады.                 

         Мемлекеттік кірістер органдары коммерциялық құписы бар ақпараттарды қолдану және (немесе) заңсыз тарап кетуіне Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады, ал осындай ақпараттарды қолдану және (немесе) заңсыз тарап кеткен жағдайда декларантқа келтірілген шығындар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндірілуге жатады.       

          6. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №123-VI ҚРЗ Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын анықтауды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз тасымалдау кезінде реттейді.

          ЕАЭО кеден аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнына ендігі уақытта ЕАЭО кеден аумағынан әкету үшін оларды сату кезінде ЕАЭО кеден аумағынан әкету орнына дейінгі көлік шығындары қосылмауға тиіс екендігін ескеру қажет.

ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалдау жағдайдынды, сондай-ақ, әкетілетін тауарлардың ұсынылған кедендік құнын растайтын мәліметтердің жоқ болған жағдайында, осындай тауарлардың кедендік құны тәуелсіз сарапшылардың қорытындысы негізінде немесе салыстырмалы тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан әкетілуі бойынша оның құзырында бар мәліметтердің негізінде кеден органымен анықталады.

Әкетілетін тауарлардың кедендік құнын анықтаудың қалған бөліктері өзгертусіз қалдырылды.

 

 

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті