
Бүгін 2017 жылдың 15 желтоқсаны күні Ақтөбе қаласындағы «Қоныс» спорт кешенінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлімшелері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл толуына орай ұйымдастырылған спартакиада жалауын көтерген болатын.
Аталған спорттық іс-шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің имиджін жақсы бағытта қалыптстыру болып отыр.
Бүгінгі спорттық шарада 3 түрлі спорт түрінен сайыстар өтіп жатыр олар, шағын футбол, үстел тенисі және шахмат.
Жарысқа қатысушылар 5 топқа бөлінді әкімшілік пен кеден, экономикалық тергеу қызметі, Ақтөбе қалалық мемлекеттік кіріс басқармасы және де солтүстік, оңтүстік деп екі топқа бөлінген өңірлік мемлекктеттік кірістер басқармалары.
Спорттық шараның жеңімпаздары:
Шағын футболдың жеңімпаздары:
- Орын -Экономикалық тергеу қызметі.
- Орын – Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
- Орын – Мемлекеттік кірістер департаменті.
Үстел тениснің жеңімпаздары:
- Орын - Бексултанов Б.Б. Ақтөбе қаласы бойынша МКБ
- Орын – Айтмаганбетов Г.С. ЭТҚ
- Орын – Жубаназаров Н.Н. Солтүстік өңірлік мемлекеттік кірістер бөлімшесі
Шахмат ойынының жеңімпаздары:
1- Орын- Байменов Д.С.
2-Орын- Утаргалиев А.Б.
3- Орын-Тилеубердин К.
Жалпы есептік қортынды бойынша:
Ақтөбе қаласы бойынша МКБ – 1 Орын.
Экономикалық тергеу қызметі – 2 Орын.
Мемлекеттік кірістер департаменті – 3 Орын.
. «Ең үздік қақпашы», «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік шабуылшы», «Ең үздік жанкүйер» номинациялары бойынша марапаттау болып өтті.