
2018-жылғы жаңа салық кодексінің өзгерістері мен «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қоймасы» модулі тақырыптарында салықтөлеушілерге арналған семинар өткізілді.
2018 жылдың сәуір айының 20-шы жұлдызында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2018-жылғы жаңа қабылданған салық кодексінің өзгерістері мен «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қоймасы» модулі тақырыптарында салықтөлеушілерге арналған семинар өткізді.
Департаментің қосымша құн салығын әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Әділхан Асқар «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қоймасы» модулі арқылы жұмыс жасаудың тиімді тұстары мен қалай тіркелу керектігі жөнінде тізбектеп түсіндіріп берді.
«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қоймасы» модулі мақсаты Электронды шот-фактураларды қабылдау мен өңдеу бойынша ақпараттық жүйе тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жіберушілер (қызмет көрсетушілер) мен сатып алушылардың электронды шот-фактураларды жіберу және алу тұрғысында өзара әркеттесу үдерісін автоматтандыруға арналған. ЭШФ АЖ-ны жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен ескерілген жағдайларда шығыстық (жаңа, қосымша, түзетілшен) шот-фактураны әзірлеуден бастап оны Сатып алушыға жіберуге дейін шот-фактуралардың құжат айналымымен байланысты барлық операциялары автоматтандырылады.
Аталған жобаны, бастақы этап бойынша кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшерін қолданатын көлік құралдарын сатушы салықтөлеушілер жүзеге асыруы тиіс.
Әрі қарай департаменттің Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Гульмира Арыспаева салықтөлеушілерге жаңадан еңгізілген салық кодексінің негізгі тұстарын оның ішінде, электрондық сауда, бақылау-касса машиналары, POS-терминал туралы айтып берді.
Салықтөлеушілер қойған барлық сұрақтарына жауап алды. Семинарда слайд арқылы көрнекті құралдар көрсетіліп, үлестірме қағаздар таратылды.