
2018 жылдың маусым айының 19 күні Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Тәукелдерді басқару жүйесін жетілдіру тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шараға Ақтөбе облысының кісіпкерлер палатасы, «Есеп» қоғамдық бірлестігі және салықтөлеушілер қатысты.
Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Арыспаева Гульмира Алиевна бизнес-қауымдастыққа құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекелдер дәрежесінің өлшем шарттары нұсқаулық жобасын таныстырды.
Салық кодексінің 136 бабына сәйкес салық органдары салық төлеушілер (салық агенттері) ұсынған салықтық есептіліктің деректерін, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті тұлғалардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа құжаттарды және (немесе) мәліметтерді талдауды жүзеге асырады.
Осындай талдау нәтижелерінің негізінде Салық органдары 2019 жылдын 1 қантардан салық төлеушілерді (салық агенттерін) қызметін тәуекел дәрежесі төмен, орташа немесе жоғары санаттарға жатқызу арқылы оларды санаттарға бөлуді және салықтық әкімшілендіру шараларын саралап қолдануды жүзеге асырады.
Тәуекелдер дәрежесінің өлшем шарттары, Салық кодексінің 137 бабынын 1 тармақта көрсетілген өлшем шарттарды қоспағанда, құпия ақпарат болып табылады.
Солай, Қадиғаларға сәйкес салық төлеуші тәуекел басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қай тәуекел дәрежесіне жататыны туралы ақпарат ҚР ҚМ МКК ресми сайтында 2019 жылдын 1 шілдеден қол жетімді болады.
Тәукелдерді басқару жүйесінде қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар туралы мәліметтер, салық төлеушіге «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасына Қадиғалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкесжіберіледі.
Сонымен қатар, салық төлеушілердің құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша мемлекеттік кірістер органдарына «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымша арқылы түсініктемені қажеттілік кезінде жолдауға мүмкіндігі бар.Осыған байланысты, ҚР ҚМ МКК-нің ақпарат жүйелерінде камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаларға салық төлеушілерден түсініктеме алуына және оларды пысықтауға ұқсасты кері байланысты жүзеге асыру жоспарланған.