Жарияланған күні: 23.06.2017 18:40
Өзгертілген күні: 28.06.2017 17:29

Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару.

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 272-бабына сәйкес, егер 37-тарауда өзгеше белгіленбесе, мыналар:

1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының Кодекстiң 273 және 274-баптарында белгiленген тәртiппен есептi салық кезеңiнiң аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан, есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрi - қосылған құн салығының асып кетуі).

Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар жасалған салық кезеңінің соңында қалыптасқан қосылған құн салығы сомасының асып кетуі, егер бір мезгілде мынадай шарттар орындалатын болса:

1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізуді жүзеге асырса;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымның кемінде 70 пайызын құрайтын болса, қайтарылуға жатады.

Осы тармақтың ережелері Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.

Асып кеткен қосылған құн салығын қайтару қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің     2009 жылғы 20 наурыздағы N373 қаулысымен  бекітілген.

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

1. Әрбір тоқсанда бір реттен сиретпей қатарынан үш салық кезеңі бойы жүзеге асырылатын, нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты өткізуге жатады. Бұл ретте, көрсетілген салық кезеңдерінің әрқайсысында осындай өткізу тұрақты өткізу болып танылады.

       2. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қалыптасқан айналымдар бойынша нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған және ол бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасы айқындалатын салық кезеңі алдындағы екі келесі тоқсан ішінде тоқсанына кемінде бір рет (ҚҚС бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылатын салық төлеушілер үшін) немесе келесі алты ай ішінде айына кемінде бір рет (ҚҚС бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылатын салық төлеушілер үшін) жүзеге асырылатын нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді өткізулер жатады.
      Осы тармақтың мақсаты үшін нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге сондай-ақ осындай тауарларды өндіру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіммен айқындалған, Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға ерекше маңызы бар негізгі құралдарды пайдалануға енгізгеннен кейін жүргізілген тауарларды экспортқа өткізу де жатады.

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларациясында көрсетілген талаптар негізінде тақырыптық тексерулер жүргізу тәртібі Кодекстің 635-бабымен белгіленген.

 

 

                                                                    Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті