
Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бекітілген кестесіне сәйкес Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбымен «Keruen city» сауда-ойын сауық орталығына және «Шығыс» базарына барды. Жалдаушыларға Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қағидалары, төлеу мерзімі және салық есептілігін ұсыну нысаны бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға «Түбіртек талап ет – жүлде ұтып ал», мемлекеттік кірістер органдарында деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық аппараттары қолдану ережелері, POS-терминал және салық заңамаларын бұзу жауапкершілігі бойынша ақпарат берілді.
Ақтөбе облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті