Жарияланған күні: 28.06.2017 16:09
Өзгертілген күні: 28.06.2017 16:10

                                Эксаумақтық ұстанымда қызмет көрсету

        

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін оңтайландыру және оңайлатуға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді эксаумақтық ұстанымда көрсету бойынша пилоттық жоба жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Пилоттық жоба 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері құрылымдық бөлімшелерінің  арасында жүзеге асады.

         Пилоттық жоба бойынша мемлекеттік қызметтің 14 түрі жобаға кірді. Жоба кезінде кең таралған төмендегідей қызмет түрлері:

  • Дара кәсіпкердің тіркеу есебі
  • Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің , өсімпұлдардың, айыппұлдардың  төленген соммаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;
  • Салық берешегінің , міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша  берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру және тағы басқа қызмет түрлері бар.

      Бүгінгі таңда аталған жобаның көлемі кеңейтіліп Ақтөбе, Қарағанды,және Павлодар облыстары қосылды.  Мемлекеттік кірістер органдары құрылымдарының біріккен жалпы бизнес –процесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді эксаумақтық ұстаным бойынша көрсету принципіне  көшірілді.

       Қызметтерді эксаумақтық ұстанымда көрсету салық төлеушілер үшін ыңғайлы, өйткені ол аймақтар арасындағы шығындарын қысқартуға , сонымен қатар басқа аймаққа уақытша шыққан кезде қызметті алуға мүмкіншілік береді.

 

 

 

 

 

р/н

Қызмет коды

                   Қызмет атауы

Көрсетілетін қызметті беруші

1

01

Дара кәсіпкерді тіркеу есебі

МКБ

2

02

Салық төлеушілерді тіркеу

МКБ

3

03

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеген асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі

МКБ

4

05

Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы жеке шоттан көшірме беру

МКБ

5

06

Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру

МКБ

6

07

Қазақстан Республикасының резиденттігін растау

МКД

7

08

Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру(ұзарту, қайта бастау)

МКБ

8

09

Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру

МКБ

9

10

Салық есептілігін қабылдау

МКБ

10

11

Салық септілігін кері қайтарып алу

МКБ

11

12

Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің , өсімпұлдардың, айыппұлдардың  төленген соммаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу

МКБ

12

13

Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару

МКД

13

14

Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау  мерзімдерін өзгерту

МКБ

14

15

Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі бойынша

МКБ