
Департаменттің мобильді тобының жұмысы жалғасуда
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамына (ДСҰ) 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап ресми түрде кірді. Осыған байланысты Қазақстан ДСҰ аясында өз жауапкершілігіне бірқатар міндеттер алды. Мәселен, негізгілері қатарында 3877 тауарлық айқындамаға қатысты тарифтік жеңілдік (артықшылық) жасау туралы міндеттер бар. Оның ішінде 2016 жылы сырттан әкелінетін 1347 тауарлық айқындамағакедендік баж салығы төмендеді. Егер, тауар баж салығы төмендетілген бағамен әкілген болса, Қазақстан Республикасының оны ЕАЭО елдеріне, яғни, Ресей, Қырғызстан, Армения және Беларусь мемлекеттерінің аумағына шығаруға құқы жоқ. ЕАЭО елдеріне ортақ біріңғай кедендік тариф бойынша әкелінген тауарлар ғана аталған елдер аумағына шығарылатын болады.
Егер, сіз 2016 жылдың 11 қаңтарынан кейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын өзге елдерден тауар тасымалымен айналысатын болсаңыз, онда сіз міндетті тауарыңыз төмендетілген баж салығына іліккен тауарлар тізімінде бар-жоғын анықтап алуыңыз керек. Ал бұл тізім kgd.gov.kz сайтында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының аумағына ішкі нарықта тұтыну үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын өзге елдерден әкелінетін және аталған тізімге енгізілген тауарлар үшін кедендік баж салығы Дүниежүзілік сауда ұйымының төмендетілген ставкалары бойынша төленеді. Ал Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің аумағына шығару мақсатында әкелінген тауарлар үшін кедендік баж салығы Бірыңғай кедендік тариф ставкалары бойынша төленеді.
Дүниежүзілік сауда ұйымының төмендетілген ставкалары бойынша кедендік баж салығы төленіп, осы тізімге енген тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығаруға тыйым салынады және ол тауарларды тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана айналымға жіберуге рұқсат етіледі.
Ал сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы тізімге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының нарығына ұсынатын болса, Қазақстан Республикасының аумағынан шығаратын немесе Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі болып табылмайтын өзге елдерден әкелетін болса, шот-фактура электрондық нұсқада ғана беріледі.
Тізімге енгізілген тауарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің аумағына шығарған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарына келесі құжаттардың тапсырылуы міндетті: тауарға ілеспе құжат ретіндегі растау туралы арыз, тауар декларациясының көшірмесі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылдың 9 желтоқсанындағы №640 бұйрығымен бекітілген үлгідегі электрондық шот-фактура, қосымшасымен және олардың көшірмесімен бірге ұсынылуы тиіс.
Жылдың басында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Дүниежүзілік сауда ұйымының төмендетілген ставкалары бойынша кедендік баж салығы төленіп, тізімге енген тауарлардың ілеспе құжаттарын тексеру мақсатында мобильді топ құрылып, жол полиция қызметкерлерімен бірігіп жүк тасмылдаушыларға рейдттік тексерулер жүргізуде.
Үстіміздегі жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 281 жүк көліктерінің тауарға ілеспе құжаттары тексеріліп, нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталған жоқ.