Жарияланған күні: 05.05.2016 18:57
Өзгертілген күні: 05.05.2016 19:00

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ  БРИФИНГІ

2016 жылдың 5 мамырында Ақтөбе облысының әкімінің пресс орталығында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметінің қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Мемлекеттік бюджетті болжау 105,2 пайызға орындалды, 54 185,1 млн тенге түсті. Өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда өсу мөлшері 113,0 пайыз құрады.

Республикалық бюджет бойынша жоспардың орындалуы 102,0 пайыз құрады, түсім 33 086,9 млн.тенге құрады. Жергілікті бюджет бойынша жоспардың орындалуы 110,5 пайыз құрады, түсім 21 098,2 млн.тенге құрады.

Түсім бойынша жоспарды орындауды қамтамасыз ету үшін, көлеңкелі айналымды қысқарту және бюджетке түсетін қосымша резерв көздерін анықтау бойынша жұмыстар жасалды, нәтижесінде қосымша 2,1 млрд тенге көлемінде түсім қамтамасыз етілді.

2016 жылдың 3 айында аяқталған қылмысты істер бойынша қайтарылған шығындар 1 649, 9 млн. Тенге, оның ішінде 1 220,2 млн. Тенге қайтарылды, қайтару өлшемі 74 пайыз.

2016 жылдың негізгі міндеттері:

-  бюджеттің кірісі бойынша жоспарын орындау;

-  қосымша резервтерді анықтау бойынша жұмыстардың нәтижесіне жету;

-  жалған кәсіпкерлікке қарсы әрекет ету жұмыстарын арттыру;

-  департамент қызметтерінің әрекеттесулерінің тиімділігін көтеру;

-  берешекті азайту;

-  мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту;

-  персоналды басқару тиімділігін қамтамасыз ету.

Ақтөбе облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті