Жарияланған күні: 24.02.2017 10:51
Өзгертілген күні: 24.02.2017 10:54

2017 жылдың 23 ақпанында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті және Аймақтық кәсіпкерлер палатасымен  бірлесе отырып кіші және орта бизнес субъектілеріне  «Ашық есік күні», сонымен қатар Ақтөбе облысындағы кәсіпкерлер палатасындағы есепшілер Клубының тұсаукесері өткізілді. Бүгінгі күні Клуб аумақтың 40 есепшілерін біріктіреді. Ол есепшілердің бухгалтерлік есеп, салық салу және қаржы есеп саласында кәсіби  дайындау және біліктілерін арттыру мақсатында  құрылған. 

Шараның мақсаты – Қазақстанның Үшінші жаңғыртуын өткізуін қамтамасыз ету – кәсіпкерлікті ынталандыру, орта-бизнесті кеңейту және жақсарту.

Кәсіпкерлерге, ұйымдар мен мекемелердің есепшілеріне салық заңдылықтарының маңызды мәселелері бойынша сұрақтарынв түсіндіру берілді.

Салық төлеушілерге қолайлы болу үшін төмендегі секторлар, өзекті мәселелер бойынша:

 

  • «Электронды шот – фактура» , қосымша құн салығы туралы өзгерістер, ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардыңайналысының кейбір мәселелері туралы;
  • 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Салық және Кеден кодекстеріне енгізілген өзгерістер;
  • алкоголь өнімдерін сату бойынша қызмет жүргізуге лицензиялық алым, акциздер бойынша Салық кодексіне енгізілген өзгерістер;
  • аудиторлық қорытынды бойынша салық төлеушілердің жойылуна  қатысты Салық кодексіндегі өзгерістер;
  • шетелдік қаржыландыру мониторингі, Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу;
  • агроөнеркәсіп кешеніндегі субъектілер үшін салық салу және жеңілдіктер.

Шара өткізу барысында салық төлеушілер арасында салық және кеден заңдылықтары бойынша ұсынылған түсіндірмелер және түсіндірулерге қанағаттанарлық деңгейіне қатысты сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша салық төлеушілер алғыстарын білдірді және жүргізілген шаралардың алдағы уақытта жеті сайын өткізілуіне тілектерін білдірді.

 

Қатысушыларға материалдар ұсынылып, түсіндіру слайдтармен өрнектелді.