
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2019 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бірлесуімен ҚР ҚПК 200 бабына сәйкес ұсынымы қарау бойынша талқылау жиналысы өткізілді.
Жиналыста Хромтау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Р.Ж. Кангужинге және Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қаржы саласындағы құқықбұзушылықтарды тергеу басқармасы қылмыстарды тергеудің 1-ші бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Б.К.Мерейге қатысты ұсыным қаралып талқыланды.