Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 2016 жылдың 26 ақпанында мемлекеттік сатып алуға қатысушы заңды тұлғалармен мына тақырыпқа: «Мемлекеттік сатып алуға қатысушы заңды тұлғалардың салық міндеттемелерінің орындалуы» семинар өткізілді.
2015 жылға қазынашылық комитеттің деректері бойынша, мемлекеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу аясында 102 заңды тұлға бойынша ( 50,0 млн.теңгеден жоғары) 37,8 млрд.теңге аударылған, аталған салық төлеушілердің бюджетке төлеген салықтарының көлемі 6,6 млрд. теңгені құрады, салыстырмалы түрде төленген салық 17,5% құрайды.
Заңды тұлғалардың салық міндеттемелерін уақытында толық орындалуына талдау жүргізу барысында, мемлекеттік сатып алуға қатысушылар бойынша келесі жайттар анықталды, яғни салық төлеушілердің арасында салық міндеттемелерін орындау бойынша келесі сәйкессіздіктер бар:
- салық жүктеме коэффициенттері белгіленген мөлшерден төмен;
- орташа айлық еңбек ақының көлемі, облыстық көрсеткіштен төмен;
- салық төлеушілердің тұтас жылдық табыстары мемлекеттік сатып алу аясында алынған сомадан төмен;
- сот жарамсыз деп таныған және де кәсіпкерлік субъектісі қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасады деп таныған мәмілелер бойынша жалған кәсіпорындар мен әрекетсіз салық төлеушілердің келісімдерді жүзеге асыруы;
- 2-жыл және одан да көп жылдар бойы кәсіпорындардың зиянға шығуы.
Жоғарыда айтылған көрсеткіштер тәуекелдерді басқару жүйелерін жүзеге
асыру барысында салық төлеушілердің негативтік балдарын көбейтіп, нәтижесінде салықтық тексерулерді жүргізуге әкеліп соқтырады. Бұдан басқа, жоғарыдағы кәсіпорындар бойынша салық төлеуден жалтару фактілері бойынша қылмыстық-іс қозғау үшін материалдар жиналады.
Осыған байланысты, қазіргі таңда мемлекеттік кірістер органдары салық төлеуден жалтару фактілерін анықтауды Ақпараттық жүйелер арқылы жүйелік шаралармен жүргізе алатындығы туралы атап өтілді. Демек салық төлемдерінің толық көлемде төленуін қамтамасыз ету қажет.
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті