
2017 жылға бекітілген
салық есептілігі нысандарына қатысты
Құрметті салық төлеушілер! Cіздердің назарларыңызға ұсынамыз!
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 579 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілетіні туралы жұмыста басшылыққа алу үшін хабарлайды (2016 жылғы 14 желтоқсанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланды).
Бұйрықпен келесі салық есептілігі нысандарына және оларды жасау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
- 531.00 нысаны, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі;
- 100.00, 110.00. 230.00, 240.00, 300.00, 300.00, 870.00 нысандары, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі;
- 200.00, 910.00, 911.00, 920.00 нысандары, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін салық есептілігін қоспағанда, салық төлеушілер үшін Салық төлеуші кабинетінде, СЕӨЖ және мемлекеттік кірістер органның кызметкерлеріне СЕӨЖ-де 2017 жылға арналған салық есептілігінің көрсетілген нысандарының жаңа үлгілері 2016 жылдың 25 желтоқсанда қолжетімді болады.