Date of publication: 11.08.2016 16:03
Date of changing: 12.08.2016 11:44

     10.08.2016 жылы Ақтөбе облысы бойынша Мемелкеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінде бизнес өкілдерінің, Ақтөбе облыстық «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы басшының орынбасары Мирлан Ғаділбекұлы Бисенғалиевтың, Құқықтық қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Руслан Болатұлы Күйшиновтың  және бірқатар  кәсіпорындардың өкілдері  «Қазхром» ТҰК АҚ-нан Лодамин Сергей, «Қазақойл» АҚ-нан Абилгазин Ғабит, Христенко Ольга, «КТП» ЖШС-нан Прасолова Ирина, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-нан Күлтаев Ж.А., Рзабаев Турдыбек, Берденова Асия, Кубенов Нурлан, «Восток Нефть и сервисное обслуживание» ЖШС-нан Қожаниязова Гульнара, «Сагиз Петролеум» ЖШС-нан Утеумагамбетов Сабыржан қатысуымен «Салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша көкейкесті мәселелер», «Жалған кәсіпкерлік саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу», «Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымы саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу» мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.  

     Төрағалық етуші Салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының басшысы А.Ш.Хайрутдинов мекен-жайын жиі ауыстыратын кәсіпорындардың салықтық міндеттерінен жалтару фактілерінің жолын кесу бүгінгі күні маңызды мәселе болып отырғандығын атап өтті, өйткені ҚҚС бойынша есептен алу бойынша салық қызметі тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарына қарамастан осындай кәсіпорындардың миллиондаған берешектері бюджетке  қайтарылмай қалуда.
Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында тәуекелді кәсіпорындарды анықтай отырып, алкоголь өнімдерін өндіруші-зауыттардың қуаттылық паспорттарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді. Шығарылған өнім көлемі, өткізілген өнім мөлшері, 2014-2015 жылдары облысқа әкелінген алкоголь өнімдерінің көлеміне, экспортқа шығарылған көлеміне талдау жүргізілді. Барлық мәліметтер аймақтың криминогендік картасына енгізілді.
      Жалған кәсіпкерлікке қарсы әрекет ету саласында өзара қарым-қатынас мәселесі қозғалды. Осы бағыттағы жұмысты тек мемлекеттік органдар емес, сонымен қатар басқа да азаматтық қоғам институттары мен коммерциялық ұйымдар, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқыққа қайшы әрекеттері  туралы ақпаратқа ие екінші деңгейлі банктер  де жүзеге асыру қажет.
       Сонымен қатар, әңгімелесу кезінде Экономикалық тергеу қызметінің бөлімше басшылары  салық төлеушілерге олардың мердігерлерінің сенімсіздігі туралы ескертілді және бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді уақтылы өз еріктерімен төлеу туралы түсіндірілді. Сондай-ақ, ақпараттар аясында ірі салық төлеушілердің сенімсіздігі жағынан бұзушылықтары бойынша мысалдар келтірілді.
 
 

Ақтөбе облысы бойынша МКД ЭТҚ