Date of publication: 18.07.2016 10:54
Date of changing: 18.07.2016 13:00

                  Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Ашық есік күні» өткізу жақсы дәстүрге айналды. Бүгін 14.07.2016ж. «Ақтөбе – кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінде кедендік ресімдеу және бақылауға қатысты мәселелерді түсіндіру бойынша «Ашық есік күні» өткізілді.

Осы іс-шараларға әрбір қызығушы кеденшілерге сұрақтары бар тұлға сыртқы экономикалық қызметке қатысушы және де азаматтар ретінде қатыса алады. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жыл басынан бері сондай-ақ, жылдың соңына дейін болжанған өзгертулер туралы, кедендік заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтылды.

Қазіргі уақытта еңбек демалысы кезеңін ескере отырып, Кеден одағының кедендік шекарасынан жеке мақсатта тауарларды әкелу нормалары мен тәртіптері туралы азаматтардан көптеген сұрақтар қатары түсті.

«Ақтөбе - КРО» кеден бекетінің жұмыс ерекшелігі ЕАЭО аумағында Қазақстан Республикасынан құраушылардан емес, Ақтөбе қаласы ғана емес облыстың Мұғалжар, Хобда, Мәртөк, Қарғалы аудандарына келіп түсетін тауарларға кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау жүргізумен аяқталады. Кеден бекетінде барлық тауарларға ресімдеу жүргізіледі: азық түлік, органикалық және бейорганикалық химияларға, мұнай және мұнай өнімдеріне, рудаларға, әртүрлі құрылыс үшін жабдықтауларға, түсті және қара металл өнімдеріне, көлік құралдары мен оларға қосалқы бөлшектеріне және де т.б.

Отандық нарыққа сапасыз өнімдердің келіп түспеуіне жол бермеу мақсатында тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының барлық кешендері қабылданады. Кеден бекетінің мамандарымен тауарларға кедендік тексерулер мен қарау жүргізу жүзеге асырылады. Азық түлік өнімдеріне берілетін сәйкестендіру сертификаттары, ветеринарлық және фито-санитарлық қорытындылары болған жағдайда ғана республиканың, облыстың, қаланың базарларына келіп түседі. Кеден одағының кеден аумағынан тыс жерге Қазақстан Республикасының аумағынан кейбір мұнай өнімдерінің түрлерін шығаруға тыйым салуларға байланысты бақылауды жүзеге асыру мақсатында мұнай өнімдерін экспортқа ресімдеу кезінде әрбір жолданатын мұнай өнімдерінің партияларына кедендік сараптама тағайындалады.

Тауарлардың экспорты/импорты кезінде кедендік және салықтық түсіміні әкімшілдендіруді күшейту – Кедендік ресімдеу орталығының алдына қойылған бірден-бір маңызды тапсырма болып табылады.