Date of publication: 14.07.2016 15:41
Date of changing: 14.07.2016 15:42

2015 жылғы 2 мамырда «Кеден одағының  кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар алып өтетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығы күшіне енді. Аталған бұйрық жеке тұлғалардың Кеден одағының  кедендік шекарасы арқылы тауарларды жеке пайдалану үшін иесімен жөнелтілмейтін багажбен және иесімен бірге жөнелтілетін багажбен алып өтумен байланысты болатын құқықтық қатынастарды реттейді.

Мәселен, 2016.12.06. күні «Әуежай-Ақтөбе» кеден бекетінде кезекші ауысыммен «Анталия-Ақтөбе» бағытындағы № VSV-481 рейсінің жолаушыларын кедендік бақылаудан өткізу барысында жолаушы Түркия азаматы  кедендік қатынаста декларацияламаған тауар – жалпы салмағы 8,9 кг, құны 801 528 теңгенің арнайы техникаға арналған қосалқы бөлшектері анықталған болатын.

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ҚР Кодексінің 277, 278 баптарына сәйкес жеке тұлғалардың Кеден одағының  кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалану үшін емес алып өтілетін тауарлары міндетті түрде декларациялануы тиіс. 

Сонымен, Түркия азаматы  ҚР ӘҚбК-нің 551-бабы 1-б. қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Аталмыш әкімшілік іс Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен қаралып, 63630 теңге (30АЕК) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Қазірде әкімшілік айыппұл сомасы толық көлемде өндіріліп алынған, жүк кедендік тазартудан өткен, мемлекет пайдасына жалпы сомасы 171 974 теңге кедендік төлемдер мен салықтар аударылды.

Мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында, Кеден одағының  кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар алып өтетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлеріне назар аудару қажет екенін Кеден одағы шекарасы арқылы әуе көлігімен жүретін жолаушылардың естеріне саламыз. Осы мақсатта «Ақтөбе Халықаралық әуежайы» арқылы халықаралық рейстермен ұшатын әуе жолаушыларының күту, ұшу және келу залдарында кеден ісі саласында түсіндірме стендтері, жолаушылар кедендік декларациясын толтыру үлгілері мен жолаушыларға арналған жадынамалар ілінген.

Сондай-ақ, «Әуежай-Ақтөбе» кеден бекетінде кеден заңнамасы мен нормативтік-құқықтық сұрақтар бойынша кеңес беру-түсіндіру пункті күні-түні жұмыс жасайды. Мекен-жайы: Ақтөбе қ., «Ақтөбе Халықаралық әуежайы», байланыс телефоны 8(7132)229561.

Әрдайым жолдарыңыз болсын!

 

 

Ақтөбе облысы бойынша МКД

«Әуежай-Ақтөбе» кеден бекетінің бас маманы

Оразалин М.Қ.