
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күніне орай өткізілген спорттық іс-шаралар
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күніне орай 2016 жылдың шілде айының 2 жұлдызында келесі спорт түрлері: шағын футбол, үстел теннисі, дойбы, жеңіл атлетикалық жүгіріс және жүзу бойынша жарыс өткізілді.
Жарыс Алға ауданының мемлекеттік қызметкерлері мен құқық қорғау органдары арасында өтті. Мемлекеттік кірістер органының келбетін көтеру мақсатында жарысқа Алға ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері де қатысып, төмендегі жүлделі орындарға ие болды:
1. Бас маман Ауданбай Нұрхан Теміржанұлы – үстел теннисі бойынша 1 орын.
2. Жетекші маман Лукманов Жумамурат Маратович – 1 км жеңіл атлетикалық жүгіріс бойынша 1 орын.
3. Басқарма басшысы Мұқанов Сансызбай Қалмырзаевич – жүзу бойынша 2 орын және дойбы ойыны бойынша 3 орын.
4. Бас маман Сайманов Серік Адайбайұлы – ең күшті қорғаушы.
Іс шараның мақсаты жастар арасында дене шынықтыру және спортты насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызмет беделін көтеру болып табылады.