Date of publication: 29.06.2016 18:38
Date of changing: 29.06.2016 18:39

Осы жылдың маусым айының 15 жұлдызында қасиетті Рамазан айына және алдағы Троица мейрамына Мәртөк ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері  Жайсаң арнайы білім беру ұйымындағы тәрбиеленуші балаларға арналған қайрымдылық акциясын өткізді. Мектеп тәрбиесіндегі балаларға жазғы киім жинағы және жұмсақ ойыншықтар берілді.

Сонымен қатар Қ.Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебі тәрбиеленуші балаларға  концерттік іс шараларын ұйымдастырды.

Сонымен қатар маусым айының 17 күні Ақтөбе қаласындағы Үміт балалар үйіне тәтті тағамдар апарылды.