Date of publication: 08.06.2016 18:36
Date of changing: 08.06.2016 18:39

         

           Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің  Алға, Қобда, Темір және Хромтау аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері 1 маусым күні Алға балалар үйінің, Қобда, Темір және Хромтау аудандары бойынша отбасы тәрізді балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін балалар күнімен құттықтап, оларға тәттілер, сыйлықтар тарту етіп, спорттық шаралар ұйымдастырды.

 Сонымен қатар, оларға материалдық көмек көрсетіліп, Хромтау ауданы бойынша отбасы тәрізді балалар үйінің балаларына концертке қатысуға арналған шақыру билеттері берілді.