2016 ж. 1 тоқсанының кіріс бөлігінің орындалуы.
2016 ж. 1 тоқсанының қортындысы бойынша Ақтөбе облысының салық және басқа да міндетті төлемдердің жалпы түсімі 70 764,0 млн.теңге кұрады. Соның ішінде Ұлттық қорға 16 578,9 млн.теңге түсті.
Мемлекеттік бюджеттің жылдық болжамы 105,2% орындалды, немеме болжам көрсеткіштерінен 2671,1 млн.теңге артық түсті.
Болжам көрсеткіштерін орындау, қосымша резервтерді анықтау максатында салық, кедендік және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке толық түсуіне әкімшелендіру шаралары жасалды, соның нәтижесіңде қосымша 1074,7 млн.теңге түсім қамтамасыз етілді.
- 2016 ж. 1 тоқсанында салық салынатын базасын кеңейту шаралар жоспары бойынша бюджетке қосымша 399,6 млн.теңге түсім қамтамасыз етілді, соның ішінде комиссияның қатысуымен 47,1 млн.теңге және дербес шаралар өткізу бойынша 352,5 млн.теңге.
- Тауарларды импорты кеден құнын және кодтардың сәйкестігін сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бақылау жасалынғанда, 2016 ж. 1 тоқсанында 237 кеден құнын түзету жасалынды. Соның нәтежесінде бюджетке қосымша 128,8 млн.теңге түсім түсті.
Жыл басында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті халықаралық және республикалық маңызы бар тас жолдардың бойында рейдтік тексерулер жүргізу мақсатында жол полициясымен біріккен мобильдік топтар құрды. Бұл мобильдік топтар Дүниежүзілік сауда ұйымының жеңілдетілген ставкалары бойынша кедендік баж салығы төленетін арнайы тізілімге енгізілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге шығаруға тыйым салынуына байланысты құрылды.
2015-2016 ж.ж. ЕАЭО елдерінің аумақтарынан тауарларды импорттау кезінде құқбұзылықтарды анықтау немесе алдын алу мақсатында жасалған біріккен шаралар жоспарын 2015 жылдың 03 желтоқсанында облыс әкімі бекіткен болатын. Ал осы құжаттың негізінде 2015 жылдың 09 желтоқсанынан бастап Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекараларындағы шекаралық өткізу пункттерінде (Жайсаң, Әлімбет) Мәртөк және Қарғалы аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері ЕАЭО елдерінен импортталатын тауарларды талдау және мониторинг жүргізу мақсатында жоспарлы жұмыс жасауда.
«Жайсаң» және «Әлімбет» шекаралық өткізу пункттері екі ел арасына тауар тасымалымен айналысушы салық төлеушілерге арналған ақпараттық көрнекіліктермен жабдықталды. Онда ЕАЭО мүше елдерден тауар импорттау/экспорттау кезінде талап етілетін салық төлеу міндеттемелерін қолдану туралы жадынама, Дүниежүзілік сауда ұйымына қатысты Сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары үшін жадынама, «Тізілімдегі тауарларды есепке алу жүйесі арқылы ілеспе құжаттарды тіркеудің» сызба нұсқасы, «Электрондық шот-фактураны және тауарға арналған декларация көшірмесін ілеспе құжаттар ретінде растаудың» сызба нұсқасы, «Тізілімдегі тауарларды импорттау кезінде декларация толтырудың» сызба нұсқасы бар.
ЕАЭО мүше елдердің аумақтарынан импортталған тауарларға төленетін қосымша құн салығы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 408,8 млн.тенгеге артық түсті.
Биыл жыл басынан бері 1228 салық төлеушіден 5653 декларация және тауарларды әкелу туралы, жанама салықтарды төлеу жөнінде 5989 өтініш түсті. 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35 салық төлеуші 5 млн. теңгеге салық төлемін арттырды. Яғни, егер 2015 жылдың 1 тоқсанында олардан 1 233,7 млн.теңге түскен болса, 2016 жылдың 1 тоқсанында 2 322,7 млн.теңге түсті. Азық-түлік, халықтық тұтыну тауарларын, құрылғылар, электроқұрылғылар және т.б. тауарларды импорттаушы 345 салық төлеушіден 2016 жылдың 1 тоқсанында 267,1 млн.теңге түсті. Ал өткен жылдың осы кезеңінде бұл салық төлеушілер Кеден одағы елдерінен (ЕАЭО) импорттаған тауарлары үшін салық төлемеген болатын.
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті болжам көрсеткіштерін орындау мақсатында қосымша түсімдерді бюджетке қамтамасыз ету үшін салық және кедендік төлемдерді әкімшелендіру жағынан күшейту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ақтөбе облысы бойынша
Мемлекеттік Кірістер Департаментінің
Талдау және тәуекелдер басқармасы