Date of publication: 12.04.2016 18:27
Date of changing: 12.04.2016 18:42

Салық төлеушілермен кездесу

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2016 жылдың  сәуір айының 12 жұлдызында т/ж вокзалы, автовокзал, әуежай  аумағында жалға алушылар, такси жүргізушілері мен сатушылар үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Іс-шараның «негізгі мақсаты – халықтың салықтық заңнамаларды ақпараттандыру деңгейін арттыру және азаматтардың  салық төлеу бойынша міндеттерін абыройлы орындауға бағыттау.

Осы кездесуде салық төлеушілер жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және дұрыс салық салу режимін таңдау, уақтылы салық төлеу және салық есептілігін табыс етілуі, әрі жолдайтын бақылау-кассалық құрылғыларды және  POS- терминалдарды қолдану жөнінде,  2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Салық және Кеден кодекстеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді біле алды.