
Көктем мен мейірім мерекесі
Наурыз мейрамы – Қазақстанда тойланатын көктемгі жаңару мерекесі. Бұл шығыс халқы үшін ежелден келе жатқан ең маңызды мейрам. Көне шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл ретінде тойланған, сондықтан Наурызды қазан асып, дастарханды асқа толтырып, кең пейілмен атап өтсе жыл бойына тоқшылық пен молшылық болады деп санайды.
Биыл да Ақтөбеде көптеген мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, 60-қа жуық киіз үй, ойын-сауық орындарында алтыбақандар орнатылды. 22 наурызда ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта ең басты мерекелік салтанатты шара өткізілді – 25 сәнді безендірілген киіз үйден құралған ауылда той болды. Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы да қаламызда өтіп жатқан игілікті іске белсене араласып, өз үлесін қосты. Ақтөбе қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының тікелей басқаруымен құрылған мемлекеттік кірістер органдарының сәндеп жабдықталған киіз үйі ерекшеленіп тұрды. Қонақжай, кең, әдемі киіз үйдің есігі барша меймандарға ашық және мұнда бас сұғып, дәм татқандардың арасында Департамент ардагерлері, қызметкерлермен бірге қала тұрғындары да ризашылықтарын білдіріп жатты.
Ұлыстың ұлы күні көктем мерекесі дүркіреп өтті!
Сондай-ақ Наурыз мейрамы қарсаңында «Қазақ зағиыптар қоғамы» қоғамдық бірлестіктің жүгінуіне байланысты Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері жұмылып қайырымдылық көрсетті, олар материалдық көмек ретінде ақшалай қаражатты «Қазақ зағиыптар қоғамы» қоғамдық бірлестіктің «Ақтөбе» корпоративтік қорының шотына аударды.