Date of publication: 17.03.2016 11:08
Date of changing: 17.03.2016 11:17

Мемлекеттік кірістер Кодексіне өзгерістер енгізу туралы дөңгелек стол өткізілді

 

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде                                            2016 жылдың 15 наурызында  салық төлеушілердің қатысуымен  дөңгелек стол өткізілді.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары Ә.Ш.Қадырбеков   Мемлекеттік кірістер Кодексіне өзгерістер енгізу туралы қатысушыларды таныстырды.

 Мемлекеттік кірістер Комитеті 2016 жылдың басынан бастап мемлекеттік кірістер Кодексіне салықтар мен кедендік төлемдерді  әкімшілендіруде біріңғай механизмдерді  құрумен, салық және кеден процедураларын біріңғайлау және кәсіпкер процесін әкімшілендіруді ықшамдауды біріктіру жұмыстарына кірісіп кетті.

          Осыған байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, кәсіпкерлік бірлестіктердің өкілдері және басқа да мүдделес тұлғалар мен салық төлеушілердің белсенді қатысуларының арқасында салық және кеден процедураларын біріңғайлау мен оларды толық жетілдіру мен нығайту, Кодексті өңдеу барысында жетуі мумкін.

          Осы себептен бүгінгі семинар салық сияқты кеден сферасын жетілдіру бойынша кепілдеме қабылдауға арналған. Бүгінгі семинардың тақырыбы келесі түрде белгіленеді:

  •  Корпоративтік табыс салығы
  •  Халықаралық салық салу ерекшеліктері
  •  Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.
  •  Жеке табыс салығы
  •  Камералдық бақылау.

 

Камералдық бақылау басқармасы
Ақтөбе облысы бойынша МКД