
ЖОО студенттердің өндірістік практикасы
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті арасында 18.01.2016 ж. жасасқан № 26 шарттың негізінде Ақтөбе облысы бойынша МКД, Ақтөбе қаласы және Темір, Ойыл, Мұғалжар аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары аталмыш оқу орнының студенттерінің қаржы, экономика және есептеу техникасы мен бағдарламалық қамсыздандыру мамандықтары бойынша өндірістік практикадан өту базасы болып тағайындалған болатын. 2016 жылғы 18 қаңтар - 26 наурыз аралығында 26 студент өндірістік практикадан өтуде. Практикадан өту кезінде студенттер мемлекеттік кірістер органдары қызметінің негізгі бағыттарымен танысып, нормативтік-құқықтық актілерді өз бетінше зерделеп, теориялық білімдерін оларды іс жүзінде қолдануды үйренеді.